Бүгін Астанада Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебіне жаңадан қабылданған 62 ұлан ант берді. Ортаға Көк байрағымыз әкелініп, іле Әнұран шырқалғаннан кейін оқушылардың ант қабылдау рәсімі басталды. Жиын барысында әскери мектеп басшысы, полковник Мұхтар Майкеев: «1999 жылдың 4 қарашасында ресми түрде ашылған «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебі – еліміздің Қарулы Күштері саласына қызмет етуді мақсат еткен жеткіншектерді тәрбиелеуде өзіндік орны бар білім ошағы. Құрылғалы бергі 17 жылдың ішінде 700-ден астам жас түлекті тәрбиелеп шығарған мектептің тұсауын Елбасының өзі кескені, сондай-ақ, білім ұясына Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, қазақ халқының аты аңызға айналған батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілуі біздің ұжымға үлкен жауапкершілік жүктейді. Міне, өздеріңіз куә болып отырғандай, мектебімізге биыл қабылданған 62 оқушы ант қабылдау үстінде. Бұл шараның маңызы өте зор», деді. Шара кезінде мектептегі 4-оқу ротасының командирі, аға лейтенант Марат Бейсенбеков: «Мектебімізде ұландарға отансүйгіштік тәрбие беру барысында әскери патриоттық тәрбиеге, Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын түсіндіруге басымдықтар беріледі. Сондай-ақ, ұландарға ар-намыс, адамгершілік, адамның құқықтары мен бостандығын сыйлау қағидаттарын үйретуге баса назар аударылады», деді. Ант қабылдау рәсімі аяқталған соң Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен ата-аналар сөз сөйлеп, жас ұландарға табыс тілеп, парасатты сөздерін арнады. Жолдыбай БАЗАР
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25