Жүзден астам кинотуынды ұсынып, балалар фильміне бөлек байқау ұйымдастырып, әлеуметтік тақырыптағы жобаларды кеңінен көрсетіп, мол жаңалығымен келген ХІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі мәресіне жетті. Бұл нағыз кино бәйгесі болды. Себебі, қалың додада құйысқан түйістіріп қатар шапқан жүздеген жүйріктің ішінен суырылып бірінші келген саңлаққа алғаш рет ұлттық «Тұлпар» сыйлығы тағайындалды. Барлық байқаулар секілді, бұл бәйге де күтпеген, тосын жайттарға толы болды. Кинофестивальға үзбей қатысып келе жатқан тұрақты көрермендердің «Салыстырмалы түрде алғанда, осы жолы әділдік болды» деп бағалағанын біз өз тарапымыздан қазылар алқасы ұлттық мазмұндағы фильмдерден жаңаша өрнек іздеуге ұмтылғаны, әлемдік кинематографияға негізделген өзекті тақырыптардың қызықтысына тереңірек үңілгені деп түсіндік. Аламанға қосылған күннен бастап «Анаға апарар жол» фильмі бәйгені шаппай алады деп, бас жүлде иесін белгілеп, қойғандардың жорамалы да қисынсыз болып шықты, алуан түрлі болып келетін экрандық өнерді таразылаудағы биылғы қазылардың таңдау талабы кей тұста таңғалдырып та жатты. Кинофестивальде мазмұны, сипаты жағынан қарапайым, өте сәнді, пәлсапалық фильмдерден бастап, қатпарлы, күрделі жанрдағы, экспериментальды фильмдерге дейін ұсынылды. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Русудан Глурджидзенің «Бөтен үй» фильмі иеленді (Грузия – Ресей – Хорватия – Испания). «Қаратас ауылындағы оба» фильмін түсірген қазақстандық Әділхан Ержанов «Үздік режиссер» болып танылды. «Аптасына бір рет» фильмінде ойнаған Юрий Померанцев «Үздік актер» атанды. Актрисалардың арасындағы үздігі болып «Мокко» (Франция – Швейцария) фильміндегі Эммануэль Дево мойындалды. Ал қысқаметражды фильмдердің ішінен Дархан Төлегеновтің картинасы Гран-при жүлдесін иеленді. Балаларға арналған фильмдер арасында германиялық режиссер Аренда Агенттің «Раффи – менің досым» фильмі бас жүлдеге лайық деп танылды. «Esquire таңдауы» атты арнайы жүлде «В лучах солнца» фильмінің режиссері Виталий Манскийге (Ресей – Латвия – Германия – Чех Республикасы – Солтүстік Корея) табысталды. Қазақстандық продюсер Ерлан Бекхожиннің «Назарбаевпен басты мәселелер туралы» деректі фильмі «Тарих және тұлға» атты арнайы жүлдені иеленді. Ал ұлттық «Тұлпар» сыйлығын «Фильмге жазылған ең үздік музыка» үшін «Құнанбай» фильмінің композиторы Төлеген Мұхаметжанов, «Ең үздік сценарий» үшін марқұм Таласбек Әсемқұлов, «Ең үздік ер адам рөлі» үшін Досхан Жолжақсынов және «Ең үздік қоюшы-суретші» болған Рустам Одинаев иеленді. Сондай-ақ, жоғары дәрежелі бұл сыйлық «Анаға апарар жол» фильмінде ойнаған Алтынай Нөгербекке «Ең үздік әйел бейнесін» жасағаны үшін табысталды. Ұлттық сыйлық «Үздік операторлық жұмыс» үшін қырғыз киносының өкілі Хасан Қыдырәлиевке де бұйырды. Осы іріктеуде «Орталық Азиядағы ең үздік фильм» аталымы бойынша Қырғыз Республикасының «Әке өсиеті» фильмі топ жарды. Шеңберіне «Шәкен жұлдыздарын» және ұлттық байқауды қоса сыйдырған «Еуразия» кинофестивалі кино әлеміне жаңа есімдерді таныстыруымен де пайдалы. Әсіресе, Орталық Азиядағы тынысты сезіну үшін өте қолайлы. Өмірді заманауи кинематография тілімен танығысы келетіндер осы байқау арқылы бүгінгі бағдар мен өлшемді межелейді. Жыл өткен сайын кинофестивальдің көркемдік кеңістігінің кеңейе түскені, еркін ойлы режиссерлердің шымыр идеяға құрылған туындыларында азаматтық үн басым жататыны байқау салмағын арттырып келеді. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Қазақстанда -56 градус аяз тіркелді
Ауа райы • Бүгін, 17:43
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты
Әлем • Бүгін, 17:32
Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:25
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Аймақтар • Бүгін, 16:59
18 қаңтардағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 16:39
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Есірткі • Бүгін, 16:19
Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?
Қоғам • Бүгін, 15:33
Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:12
Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 14:55
Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады
Спорт • Бүгін, 14:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Дін • Бүгін, 13:50
Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді
Заң • Бүгін, 13:27
«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті
Әлем • Бүгін, 12:59