Польшада түсік жасауға толық тыйым салу жөніндегі заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті.
Ұйымдастырушылардың ұсынысымен шараға қатысушылардың барлығы қара түсті киім киген. Сондай-ақ жергілікті қыз-келіншектер өз еріктерімен демалыс алу құқығын пайдаланып жұмысқа шықпаған.
Наразылық акциялары Краков, Вроцлав, Гданьск, Белосток, Щецин, Познань секілді елдің ірі қалаларында болып өтті.
Варшаваның билік өкілдері мәлімдегендей, қала орталығында жауынға қарамастан 30 мыңға жуық адам жиналған. Митингке еркектердің де қатысқаны белгілі болды.
29 қыркүйекте қоғамдық акцияны ұйымдастырушылардың бірі, елдің бұрынғы премьер-министрі Ева Копач: «Біз поляк қыздарының таңдау құқығы бұзылуына жол бере алмаймыз. Олар саяси ойындардың тұтқыны бола алмайды», деп мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Польшада түсік жасауға тыйым салынуына қарсы наразылықтар бір аптадан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Оған Польша сеймінің бірінші оқылымда түсік жасауға толық тыйым салу және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі заң жобасына дауыс беруі себеп болды.
Егемен-ақпарат
• 04 Қазан, 2016
Польшада ондаған мың адам жаппай наразылық акциясына шықты

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше