05 Қазан, 2016

Дзюдошылар додаға дайын

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы 28-30 қазан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған Қазақстан дзюдошылары да қатысады. Бұрнағы күні Дзюдо федерациясы сол жарысқа баратын команда құрамын бекітті. Абу-Дабиге аттанатын саң­лақтар арасында Мағжан Шәм­шид­дин (60 кг), Азамат Мұқанов, Асхат Тельманов (66 кг), Дидар Хамза (73 кг), Арман Махамбетов, Әділет Миссин (81 кг). Дәулетхан Жа­қыпов (90 кг), Айбек Серікбаев (100 кг), Айтуар Абдулов (+100 кг) бар. Ал қыздар атынан жалғыз Отгонцецег Галбадрах (48 кг) қана барады. Құрама команданы жарысқа Ибрагим Вешагуров, Базарбай Дөңбай, Марат Файзиев, Дашжам­цын Энхбаатар және Талап Мұқанов бастап барады.  «Егемен-ақпарат»