Бұрнағы күні Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» кездесіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матчта есепті ресейліктер ашты. Ойыншы басымдығын сәтті пайдаланған нижнекамскіліктер 6-минутта Игорь Полыгаловтың арқасында алға шықты. Алайда, 16-минутта айдын иелері Мартин Сен-Пьердің көмегімен таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші кезең «Барыстың» шабуылымен басталды. Кездесудің 21-минутында Ким Баркер мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды. Бірақ, бұл голдан кейін Эдуард Занковец шәкірттерінің қарқындары бәсеңдеп қалды. Есесіне, қонақтар шабуылдарын үдетіп, 7 минутта үш шайба соғып кетті. Алдымен, 29-минутта Александр Китаров есепті теңестірсе, 31-минутта Джеффри Кинрейд командасын алға шығарды. Ал 36-минутта Рихарда Гюнге есепті 4:2-ге жеткізді.
Осыдан кейін ғана «Барыс» хоккейшілері жинақылық танытып, жүйелі ойнай бастады. Әсіресе, Ким Баркер, Найджел Доус, Брэндон Боченски үштігі қарсыластардың қақпасын нысанаға алуды жиілетті. Сондай ұрымтал сәттердің бірін ұтымды пайдаланған Боченски 39-минутта нәтижелі соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.
Кездесудің соңында алаң иелері қарқындарын одан әрі күшейте түсті. Шабуылда да сауатты қимылдаған астаналықтар ойынның 48-минутында есепті 4:4-ке жеткізді. Бұл жолы таблоға «Барыс» сапындағы жаңа ойыншылардың бірі Никита Ивановтың есімі жазылды. Ал ойынның аяқталуына 4 минут қалғанда, астаналықтар бесінші шайбаларын соғып, жеңіске жетті. Голдың авторы – канадалық легионер Кори Тривино.
Осы жеңістен кейін «Барыс» 7 ұпаймен Шығыс конференциясында 12-орынға жайғасты. Астаналықтар келесі кездесулерін де өз айдындарында өткізеді. Бүгін болатын ойында «Барыс» Қазанның «Ак Барсымен» сынға түседі.
Аталған матчтан кейін іле-шала «Нефтехимиктің» бас жаттықтырушысы отставкаға жіберілгені де белгілі болып отыр.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше