Бухарестегі дәстүрлі өнер шеруі есте қалар ерекше сәттерге толы болды. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.
Мерекелік шараны Қазақстанның Румыниядағы елшілігі «Интернейшнл КМГ» компаниясы демеушілігімен ұйымдастырды. Қазақ киносы фестивалін өткізуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Бухарестегі Француз мәдениет институты атсалысты. Фестиваль аясында Сергей Снежкин, Ермек Шынарбаев, Рүстем Әбдірашев, Досхан Жолжақсынов, Ермек Тұрсынов сынды белгілі режиссерлердің әр жылдардағы таңдаулы 5 фильмі көрсетілді.
Қазақ киносы күндерінің ашылу салтанатында Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батырашев бұл фестиваль екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосатынын айта келіп, мәдени дәстүрлердің мұнан кейін де жарасымды екпінде жалғаса беретініне сенім білдірді. «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған әртіс Ерболат Тоғызақовқа Бухарест жұртшылығы сүйіспеншілікпен ыстық ілтипат танытты. Еске сала кетейік, қазақ киносының Румыниядағы алғашқы фестивалі былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орайластырылған болатын.
Қаршыға КҮЛЕН

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше