05 Қазан, 2016

Теңіз тыныштығын күзетеді

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

kat_6419Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне екі айлық қатаң іріктеуден өткен әскерге шақырылушылардың алғашқы командасы Астана қаласынан Мемлекеттік шекараны күзету бойынша Жағалық күзету өңірлік басқармасы учаскесіне өздерінің әскери борыштарын өтеуге салтанатты жағдайда аттанды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Үкіметі қаулысы­ның негізінде көктемде және күзде жылына екі рет жүр­гізілетін әскери ша­қыру кезеңдерінің – «Күз-2016» шақыру нау­қа­ны­ның алғашқы күні Ас­тана қаласы бойынша Қор­ға­ныс істері жөніндегі де­пар­таменті әскерге жаңа ша­қырылған 43 адам Ақтау қаласындағы ҰҚК ШҚ теңіз әскери бөлімдерінде қызмет атқаруға аттанды.

Астанадан қызмет ат­қаруға аттанған жастардың көпшілігі «Астана» ше­каралық кораблімен шекара күзететін болады. Салтанатты шығарып салу кезінде теңіз шекарашылары арнайы киімдерімен сапқа тұрды.

ҰҚК Шекара қыз­метінің, Ас­тана әкім­дігінің, Қорғаныс ми­нистрлігінің және Қор­­ғаныс істері жөніндегі де­пар­таменттің басшылығы, болашақ шекарашылар­дың құрдастары, ата-аналары, Шекара қызметінің және Қарулы Күштер­дің ардагерлері, сондай-ақ Ота­ны­мыздың теңіз шебін қорғап келген, бір жыл бұрын жас сарбаздардың қатарында болған «Астана» шекаралық кораблінің руль­­­дік белгі берушісі матрос Шұғайып Сабырбек әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, мерзімді қыз­мет атқаратын орындарына шығарып салды.

ҰҚК Шекара қызметі ди­ректорының орынбаса­ры полковник Асхат Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, бү­гінгі күні жас сарбаздар өзі­нің әскери борышын адал және лайықты атқаратын әскерлердің қатарына қо­сылғанын айтты.

Мемлекеттік шекараны күзету, еліміздің Каспий теңізіндегі экономикалық мүдделерін қорғау теңіз-шекарашыларының басты міндеті болып табыла­ды. Кез келген ауа райын­да олар теңізге шығады, шекара бұзғандардың соңына түседі және ұстайды.

Салтанатты іс-ша­ра­­дан кейін әскерге ша­қы­ры­лу­шылар шекаралық авиация­мен қызмет атқару орны­на жөнелтілді. Кешегі әс­керге шақырылушылар қаң­тар айының соңына дейін теңіз оқу орталығының базасын­да оқудан өтеді, содан соң еліміздің теңіз шебін кү­зететін бөлімшелерге таратылатын болады.

Жаңа шақырылымды Жағалау күзеті өңірлік бас­­қар­масының қол­бас­шылы­ғы қарсы алды. Оларды теңіз шекара­шыларының балансында тұрған шекаралық корабльдермен, катерлермен, техникалар және қару-жарақтармен таныстырды.

Бір жылдан соң осы жас­­тар туғандары мен жа­қындарының сенімді тіре­гі болатындай есейіп, ту­­­ған өлкелеріне қайтып оралады.