дың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің шығармашылығына арналған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өткізілді.
Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау болатын.
Сайысқа жалпы саны 80 үміткер қатысты. Олардың қатарында қала және қала маңындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және жас ізденушілер бар. Байқау үш айналымнан тұрды: Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу, ақындар мүшәйрасы және қолөнер туындыларын жасап көрсету. Міне, осы талаптарға сай байқауды республикамызға белгілі ақын, «Абай» журналының редакторы М.Оспанов, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы М.Алепарова, Абай театрының әдеби жетекшісі М.Қартов, «Дариға-ай» жастар театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Б.Игілік пен актер Р.Бейсенұлы, Шәкәрім университетінің оқытушылары М.Тәтиева мен Б.Нысанғалиева және Абай қорық-мұражайының қызметкерлері бағалады.
Мәнерлеп оқу бойынша I орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен С.Мейрамбековке, II орын №11 мектептен А.Жанахметова, Ж.Сембаеваға, №22 мектептен К.Абаеваға берілді. Ақындар мүшәйрасында I орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен Қ.Еркінұлына, II орын осы колледжден Х.Саметоваға, III орын №47 мектептен Е.Кенжебекұлына берілді. Қолөнер байқауынан №22 мектеп-лицейден М.Асқарбек I орынға, Шүлбі орта мектебінен Р.Әсетұлы II орынға, Озерка мектебінен А.Жақанова III орынға ие болды. Барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ
Суретті түсірген автор

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше