өз қатарындағы мықтыларды анықтады
Ресейдің Ханты-Манси (Югра) автономиялы округінде бұрнағы күні мәреге жеткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты ең соңғы турға дейін барынша тартысты өтті.
Мұнда тек 14 жасқа дейінгі ұлдар бәсекесінде үшінші раундтан топ бастаған ресейлік Семен Ломасов қана позициясын сақтап қала алды. Келесі ресейлік Андрей Есипенко күміс медальға қол жеткізді. Үшінші орынға кейінгі турларда сәтті ойнаған өзбекстандық Нодирбек Якуббоев көтерілді. Ал біздің ұландардан ең жоғары нәтиже көрсеткен Рамазан Жалмаханов 20-орынға тұрақтады. Келесі өкіліміз Руслан Сәлімов чемпионатты 40-шы болып аяқтады.
Осы жастағы қыздардың сайысында рейтингіде 12-ші болып тұрған қытайлық Жинер Чжу топ жарды. Ол төртінші турдан бастап топ басына таласқанымен, турнирдің соңына дейін сол орынды сақтап қала алатыны күмәнді болды. Дегенмен, бірінші орынды ешкімге бере қоймады. Бұдан кейін ресейлік Александра Мальцевская – күміс, АҚШ өкілі Анне Ванг қола медальдар иеленді. Бұл ортадағы біздің Әсел Серікбай – 22-ші, ал Сақыпжамал Бармағамбетова 32-ші орындарға орналасты.
16 жасқа дейінгі ер балалар тобында армян Хаик Мартиросян чемпиондық алқа тақты. Екінші орынға ресейлік Олександр Тряпишко, үшінші сатыға вьетнамдық Тханг Трон Мингх орналасты. Барлық категориядағы қазақстандықтар арасынан үздік шыққан осы шоғырдағы Жандос Ағманов 11-орынға табан тіреді. Бұдан әрі Денис Махнев – 22-ші, Дастан Тұрар – 25-ші, Тимур Нұржанов 37-ші орындарға жайғасты. Осы жастағы қыздар жарысында алғашқы үш орынды үндістандық Аканкша Хагаване, ирандық Мобине Алинасаб және ресейлік Полина Шувалова бөлісті. Біздің қыздардан Алиса Қозыбаева – 41-ші, Арнаш Бауыржан 46-шы болды.
Жастары 18-ге дейінгілердің арасында армян Манвел Петросян, ресейлік Максим Вавулин, ирандық Шахин Лорпаризангене жүлдегерлер шоғырын құрады. Ал қазақстандықтар Арыстанбек Оразаев – 31-ші, Жанат Сайын – 40-шы, Айрат Сәдубаев 61-ші орыннан табылды. Осы деңгейдегі қыздар тобындағы жалғыз өкіліміз Диляра Албекованың алған асуы да мықты бола қоймады. Ол мәреге 41-ші болып жетті. Жүлдегерлер тұғырына грек Ставроула Цолакидоу, ресейлік Александра Оболенцева және израильдік Мичел Лахав көтерілді.
Серік Пірназар,
«Егемен Қазақстан»

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03