07 Қазан, 2016

Алматы хайуанаттар бағындағы жирафты біреулер улап өлтірген болуы мүмкін

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zhiraf Алматы хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тохтар Әлиев жирафтың өліміне қатысты алғашқы болжамды айтты деп хабарлайды Қазақпарат. Оның айтуынша, зообақ қызметкерлері ерекше аңды біреулер улап өлтірді деген нұсқаға тоқталып отыр. Өйткені, жираф сап-сау болған. «Егер сараптама қорытындысы біздің болжамды растаса, біз қылмыстық іс қозғауға арызданатын боламыз», - деді Т.Әлиев. Бұған дейін хабарлағандай, Алматы хайуанаттар бағында екі жастағы Мелман атты жираф 5 қазан күні өліп қалған. Т.Әлиев «ҚазАқпарат» тілшісіне жануардың өлексесі сараптамаға жіберілгенін, 10 жұмыс күні ішінде толық нәтижесі белгілі болатынын айтқан.