07 Қазан, 2016

Қазақстанның шығысында қар жауды

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kara Бүгін еліміздің шығыс өңірінде алғашқы қар жауды. Түске дейін Семей қаласында қар жауса, Өскеменде жаңбыр соңы түстен кейін жапалақтаған қарға ұласты. Бұған дейін өңірдегі қыстың алғашқы хабаршысы болған ақ қар таулы жерде ораласқан Риддер қаласына түскен еді. «Қазгидромет» сайтының мәліметінше, Өскеменде ертең де қар жаумақ. Облыс орталығында ауа температурасы күндіз +4+6 градус, ал түнде 0 +2 градус болады деп күтілуде. Жексенбіде күн райы ашық болғанымен, түнде ауа райы -2 градусқа дейін төмендемек. Айта кету керек, қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылу жүйесіне толығымен қосылып үлгерген жоқ. Думан Анаш, Өскемен