08 Қазан, 2016

Иісшіл иттердің көмегімен

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
iisshil-itter567 қылмыс ашылып, 170 кило есірткі алынды Қызылжар өңірінде кинологиялық қызмет орталығы 2008 жылы құрылған болатын. Қазір аудандарда да кинологтар жұмыс істейді. Овчарка, лабрадор, спаниель секілді қы­рық­қа жуық иісшіл ит жоғалған адамдарды табуға, жарылғыш және есірткі заттарын анықтауға жәрдемдеседі. Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 567 қылмыс ә­шкереленіп, 170 кило есірткі заттары заңсыз айналым­нан алынды. Тұңғыш рет құқық қорғау органдары арасында өткен республикалық сайысқа 18 команда қатысып, кәсіби шеберліктерін, қызметтік-іздестіру иттердің алымдығы мен шалымдығын көрсетті. Бағдарламада иттерді үй­ре­тудің жалпы курсы, кедергі­лерден өту, автокөліктер мен үй-жайлар­да күдікті заттарды іздеу, қарулы қыл­мыскерді ұстау шаралары қамтылды. – Кинолог – күрделі мамандық. Өйт­­кені, иттерді із кесуге, жасырынған зат­тар­ды табуға баулу оңай емес. Итті үйретуге кемі 1,5-2 жыл керек. Менің иелігімдегі Гера деген шығысеуро­палық овчарка биыл екі қыл­мысты ашуға көмектесті, – дейді Ақ­­қайың ау­дандық ішкі істер бөлімінің инспек­торы Мұсахан Сейітбеков. Жарысқа қатысушылар алдында сөз алған ОІІД-нің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов кинолог мамандардың кәсіби әзірлігіне жоғары баға беріп, жеңім­паздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы