26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті, ал 28 ақпанда Мэлс Хамзаұлы Елеусізов пен Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы мәселелер бойынша отырыстары болып өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес аталған кандидаттар Орталық сайлау комиссиясына барлық қажетті құжаттарды тапсырған. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес президенттікке кандидатты еліміздегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 пайызы қолдауға тиіс.
Ж.А.Ахметбековтің кандидатурасын қолдап, еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 96 557 сайлаушының қолы жиналған. Бұл – белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамын, М.Х.Елеусізовтің кандидатурасын қолдап еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 97 830 сайлаушының қолы жиналған, бұл – белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамын құрайды. Ал Ғ.Е.Қасымовтың кандидатурасын қолдап, еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 99 728 сайлаушының қолы жиналған, бұл – белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өзінің отырыстарында ұсынылған құжаттарды қарай келіп, олар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келеді деп белгіледі және Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті, Мэлс Хамзаұлы Елеусізовті, сондай-ақ Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеу туралы қаулылар қабылдады.
«Егемен-ақпарат».