11 Қазан, 2016

Тәуелсіздік тарихының көрмесі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
7777777Жақында Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына арналған тарихи-құжаттамалық көрмесі ашылды. Экспозицияда аталмыш Ар­хив қорынан алынған 1928-2013 жылдар арасындағы 128 біре­гей құ­­жат­ көшірмелері қо­йыл­­­ды. «Тәуелсіздік. Алғашқы қа­дам­­­­дар» және «Қазақстан Рес­пуб­­­­­­ли­­касы Президенті Н.Ә.Назар­баев­­­­тың жаһандық және аймақ­тық қауіп­сіздікті ныға­йту­дағы бас­­­­тама­лары» бөлім­дері ерек­­ше қы­­­зы­ғу­­шы­лық туғыз­ды. «Тәуе­л­­сіздік. Ал­ғаш­қы қадам­­дар» бө­лімінде дәуір оқи­ғасы – тәуел­­сіз мемлекеттің құры­луы­н бей­не­лейтін құжаттар ұсы­­­ныл­­ған. Олардың ішінде, 1991 жыл­ғы 16 желтоқсандағы «Қазақ­стан Республикасының Тәуел­сіз­­дігі туралы» Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касы­ның Конститу­ция­лық заңы, Қазақ­стан Республикасы Пре­­зи­­денті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Хавьер Переса де Куэльярға Қазақстанды БҰҰ мү­ше­­лігіне қабылдау туралы 1991 жыл­­ғы 31 желтоқсандағы өтіні­ші, Елбасының 1995 жылғы 6 қыр­­­күйекте жаңа Конституцияны таныстыру салтанатында сөйлеген сөзі, Мемлекет басшысының 1997 жылғы 20 қазандағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республи­касының астанасы деп жариялау туралы» №3700 Жарлығы бар. «Қазақстан Республикасы­­ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһан­дық және аймақтық қауіп­сіздікті нығайтудағы бастама­лары» бөліміндегі құжаттар жа­һан­дық ядролық қарусыздану­дағы Қазақ­­станның және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабудағы және әлем­де ядролық қаруды тарат­пау­дағы рөлін көрсетеді. Сондай-ақ, кеңес кезеңіндегі күштеп ұжымдастыру және тотали­тар­лық тәртіптің саяси қуғын­дау­лары, өлкені өндірістендіру, қуғын­далған халықтардың Қазақ­станға қоныс аударылуы, 25 жыл­н соғысы кезіндегі Қазақстан туралы және т.б. құжаттар қызы­ғушылық тудырды. «Егемен-ақпарат»