01 Наурыз, 2011

Алғашқы байқаушылар тіркелді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26 ақпанда «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау туралы»  Конс­титуциялық заңның 20-2-ба­бына сәйкес,   Қазақстан Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер ми­нистр­лігінің ұсынуы бойынша   Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына Франция Республикасынан жеті және халықаралық республикалық институттан екі  байқаушыны аккредиттеді. Шет мемлекет пен халық­аралық ұйымның байқаушыларына тиісті куәліктер берілді, деп хабарлады ҚР ОСК-нің баспасөз қызметі.