11 Қазан, 2016

Жетімдерге арналған әлеуметтік үй салынады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
stroykaҚазақ – жетімдерін жылатпаған халық. Бұл қасиет қазір де жалғасын табуда. Мұның өзі осы бағыттағы тағы бір тағылымды қадам болды деу орын­ды. Әйтпесе, мынандай күрделі заман­да басына осындай ауыртпалық түс­кендерге оңай болмасы анық. Жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған әлеумет­тік үй облыс орталығының Кірпішті елді мекенінде салынады. Оған «Сәби» қоғамдық қоры есебінен 1,2 млрд теңге бөлінеді. Әлеуметтік үй­де 80 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған маман­дандырыл­ған интер­нат түлектері тұратын бола­ды. Олар­ға бөлек пә­терлер беріледі. Салы­нып жатқан әлеуметтік үйдегі бір пәтердің жалпы көлемі – 40 шаршы метр. Тұрғын үйге жақын маңда денсау­лығында ақауы бар тұрғындар­дың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін шағын цехтар құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнім­дер, аяқ киім жөндеу, тігін және жөн­деу цехтары, сонымен бірге шаштараз бен массаж орталығы ашылады. Әлеу­меттік үйде тірек-қимыл аппараттары бұзылған жандар үшін сауықтыру құ­рал-жабдықтары бар дене тәрбиесі, сон­дай-ақ релаксация залдары болады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 70 орынға есептелген жасөспірімдер үйі бар. Облыстық интернат мекемелерінің түлектері онда 23 жасқа дейін тұра алады. Ал әлеуметтік үйде 16-29 жас ара­лы­ғындағы түлектер тұратын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы