11 Қазан, 2016

Мегаполистің мұғалімдері марапатталды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ustaz-00Алматының үздік ұстаздары қала әкімі Бауыр­жан Байбектің қолынан бағалы сыйлық алып, мара­патталды. Қалабасының қабылдауына қырық­тан астам мұғалім шақырыл­ды. Түрлі деңгейдегі байқаулар мен олим­пиадаларда топ жарған, ғылы­ми жоба жазып жетістікке жеткен оқушылардың сынып жетекші­лері мен оқытушыларына құрмет көрсетілді. – Білімді ұрпақ тәрбиелеу мем­лекеттік саясаттың басты тала­бы ғана емес, еліміздің асыл мұ­раты. Өйткені, еліміздің келеше­гі кемел біліммен сусындаған жас тол­қынның қолында. Бұл мақ­сат­қа жету жолында мұғалім­нің ат­­қаратын еңбегі ұшан-теңіз. Осы кез­десуге шақырудағы мақсаты­­мыз –  таяуда ғана атап өткен кәсіби мере­келеріңізбен тағы бір құттықтау, әрі озық шәкірт тәрбиелеп отырған үздік ұстаздармен жақын танысу еді. Ұстаз алдында ұлық та бас иген. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Әкімдік тарапынан алматылық ұстаздардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік қорғалуына толыққанды жағдай жасалып отыр. Бұл бізге Елбасы жүктеген міндет, ел күт­кен нәтиже ретінде жауапкершілік жүктейді, – деді жиында қала әкімі Бауыржан Байбек. Бүгінде Алматы қаласы еліміз бойынша білім алушылардың ең көп шоғырланған орталығы болып табылады. Шаһарда арнаулы, орта және жоғары білім беретін 834 білім ордасы жұмыс істейді. Олардың екі жүзден астамы мемлекеттік мектеп болса, 43 мектеп жекеменшік санатында. Сондай-ақ, мегаполис мектепке дейінгі тәрбие бере­тін мекемелердің саны жағынан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Биылғы дерек бойынша қаладағы балабақшалардың саны 502-ге жеткен. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Алматы Суретті түсірген Самат Құсайын