11 Қазан, 2016

Ажарлы Арқа мен шырайлы Шығыс жұрты

324 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
bal_5795елордада жәрмеңке өткізді Өткен аптаның соңғы күндері Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының елордадағы күндері өтті. Осы шара аясында, аграрлық секторы дамыған өңірлер жәрмеңке өткізді. Астығымен әйгілі, мал шаруашылығы да дамыған, шұбат-қымызы тамсандырған Арқа өңірінің кәсіпкерлері Бейбітшілік көшесінің бойындағы ескі алаңда сауда шатырларын тігіп, өнімдерін сөреге шығарды. Төрт түлік малдың құнарлы етімен, сүтімен мақтанатын, өсімдік шаруашылығы да дамыған Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері халықты Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанында күтіп алды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойының қарсаңында, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акция­сының аясында жәрмеңке өткізу үшін облыстардан келген азық-түлік керуенінің жүгі қомақты. Ауыл шаруашылығы саласы ел кө­лемінде алдыңғы қатарлы сана­ла­тын Қарағанды облысынан 250 тон­на көкөніс, 71 тонна ет, 36 тон­на ұн мен макарон өнімдерін, түр­лі консерві өнімдерін, бал, ба­лық, квас пен басқа да сусындар әке­ліпті. Сенбі күні таңертең жәр­мең­ке ашылысымен Конгресс-холл сара­йы­­ның алдындағы алаңда Ар­қа­­ның атақты сал-серілері Мә­ди­­­дің, Ақан серінің, Біржан сал­­дың әндері әуеледі. «Шеберлер ауы­лы» шатырларының жанында зер­­гер­­лер өз өнерлерін паш етті. Бұл жердегі азық-түлік ба­ғасы Астананың басқа сауда орындарынан 10-15 пайыз төмен болды. Жәрмеңкеде саудамен қатар, «Бауырсақ, қымыз фести­валі» өтті. Қымыз бар жерде қазақ­тардың қарасы көп болатыны тағы белгілі. Оның үстіне, ақындар: «Біз үшін атамыздың асы қымыз, Қымызбен алшы түсер асығымыз», – деп жырға қосқан Жаңаарқаның, Ұлытаудың брендке айналған қы­мызы болса!.. Сауданың қызғанына сатушы­лар да, сатып алушылар да дән риза сияқты. Кәсіпкерлерін әкел­ген өңір басшыларының да көңіл­дері көтеріңкі. – Еттің бағасын білесіздер, 1000-1100 теңгеден. Жақсы өтіп жа­тыр, – дейді Ақтоғай ауданы әкі­мі­нің орынбасары Қайрат Нөкеш. Апта сайын жәрмеңке өткізе­тін басқа облыстарға қарағанда, қара­ғандылық керуеннің жүгі әжеп­тәуір салмақты болды. Оның себебі түсінікті, әуел бастан бас­қа сала­лармен қатар, ауыл шаруа­шы­лығы да қарыштап дамы­ған ай­­мақ ретінде танымал. Тәуел­сіз­­діктің 25 жылында облыс­тағы ауыл­шаруашылық өнімінің жал­пы кө­лемі 26 есеге артып, 200 мил­лиард теңгеге жеткені осының айғағы. Қарағанды облысы азық-тү­лік­пен өзін-өзі қамтуда бас­қа ай­мақтардан көш ілгері тұрға­нын да айта кету керек. Аграрлық сек­­тор­­­дағы техника түрлері үне­мі жаңа­рып, жетілдіріліп оты­р­а­­ды. Шаруа­лардың жаңа техно­ло­гия­ларды меңгеруге деген құлшы­нысы да ерекше. Соның арқасын­да дүкен сөрелеріндегі ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн мен макарон өнімдері сын­­ды тауар­лардың көпшілігі жер­гілікті өнім болып табылады. bal_5986Қарағандылық егіншілер биыл­­ғы жиын-терім науқанын то­ла­­­­ғай табыспен қорытындылап жат­­­­қанын ерекше атап өткен жөн. – Облыста егін жинау науқаны аяқталып келеді. Өнім көлемі айтарлықтай жоғары, орташа есеппен гектарынан 14 центнерден астық алып жатырмыз. Мұндай мол егін соңғы 46 жылдың ішін­де бірінші рет тіркеліп отыр. Бұл жақсы өндірістік техниканың және аграрлық технологияның арқасы, – дейді облыс әкімінің ауыл шаруашылығын дамыту жөнін­дегі орынбасары Шагура­шид Мамалинов. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы әлеуметтік-экономикалық даму­дың ең жоғары нәтижесіне қол жет­­кізіп отыр. Бұл туралы облыс әкі­­мінің тиісті сала бойынша орын­­­басары Жандос Әбішев айтты. – 25 жыл ішінде облыс бо­йынша өндірістік өнім көлемі мың есе өсті. Шағын және орта бизнес нысандарының саны 5 есеге өсіп, 86 мыңға жетті. Өндіріл­ген өнімдерінің жалпы көлемі 700 миллиард теңгеге жетіп, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сияқты алып өнеркәсіптердің орын­ды көрсеткіштерімен теңес­ті,  – дейді Ж.Әбішев. Биыл құрыл­ғанына 80 жыл тола­тын облыс Тәуелсіздіктің мерейлі тойына осындай озық көрсеткіштермен келіп отыр. Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесінің ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов пен Астана әкімі Әсет Исекешев келді. Об­лыстан ет пен ет өнімдері, өсім­дік майы, ұн өнімдері, көкөніс сынды, бас-аяғы 500 тоннаға тар­та азық-түлік жеткізіліпті. 57 сау­да шатырының сөресі ет, шұжық өнімдері, сүт өнімдері, дәнді да­қыл, өсімдік майы, балық және бас­қа да тауарлардан қайысып тұрды. Зайсанның балығы жақсы өтіп жатқаны байқалды, өсімдік майын алып жатқандар да аз емес. Әсіресе, Алтайдың балын алу үшін кезекте тұрғандардың қатары қалың болды. Шығыстың бренді бал мен панта десек, осы жәр­меңкеге 30 тонна бал мен 2 тон­на панта әкелініпті. Бұл жерде картоп, сәбіз сынды көкөністердің бағасы біршама төмен болғанын айта кету керек. – Шығыс Қазақстанның жәр­мең­кесіне жыл сайын келеміз. Негі­зінен, ет, картоп, сәбіз, сосын бал алып жүрміз. Картоптың баға­сы арзан, қаппен алғанды дұрыс көре­міз. Балды  да қысқа жете­ті­н­дей етіп көбірек алмақпыз, – дейді елордалық тұрғын Сұңғат Бекішев. Мал шаруашылығы өркенде­ген өңірден келген етке де сұра­ныс жоғары. Оның үстіне қолдан бор­дақыланған емес, сайын дала­да жүріп ет жинаған малдың еті. – Екі тонна қымыз әкелдік. Сар­жал ауылын білесіздер, сол ауы­л­­­дың атақты қымызы. Сон­дай-ақ, ауданнан төрт тонна ет әкел­дік. Бүгінгі әкелген малы­мыз­дың барлығы байлаусыз жүріп семір­ген. Жайлауда жүрген жері­нен ше­тінен ұстап, сойып әкел­дік, – деді ШҚО Абай ауданы әкі­мі­нің орынбасары  Бауыржан Тәттібеков. Жәрмеңке қарсаңында об­лыс әкімдігінің басшылық өкіл­дері Ор­та­лық коммуникация­лар қыз­метінде брифинг өткізіп, өңір­­дің оң жетістіктері туралы мәлі­­мет­терді ортаға салған еді. Солар­дың бірқатарына тоқтала кетейік. Елі­мізде ет пен сүт өн­ді­рісі бойынша Шығыс Қазақ­стан облысы үнемі алдыңғы қатар­дан көрініп жүр. 2015 жы­лы облыстағы кәсіп­орын­дар аймақ­тағы әрбір тұрғынға шақ­қанда 85 келіден астам ет, 500 келі­ден астам сүт өнімдерін шы­­ғарыпты. Атақты ақбас сиыр­лар­ды өсіріп, санын көбейту ар­қы­лы облыс ал­дағы уақытта ауыл шаруа­шы­лы­ғының экспорттық әлеуе­тін одан әрі арттыра түспек. Бір-екі жылдың көлемінде сауын сиыр­­лар санын 12 мыңға, сүт­тің жыл­дық өндірісін 21 мың тон­­на­ға дейін арттыру жос­парланған. «Қуатты өңір – қуатты Қазақ­­стан» акциясы аясын­да Ас­тана­дағы облыстардың күн­дері әлі де жалғаса бермек. Яғни, азық-түлік жәрмеңкесі де толас­та­май­ды. 15-16 қазан күндері елор­да­да Оңтүстік Қазақстан мен Қос­та­най об­лыстарының азық-түлік жәр­мең­кесі өтеді деп жос­парланған. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»