11 Қазан, 2016

Ұлыбританиядағы мазмұнды кездесулер

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
syrtky-ister-ministriБұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Лондонға сапары барысында лорд Мұхаммед Шейх басқарған Біріккен Корольдік Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық топ мүшелерімен және Ұлыбритания Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Марк Грантпен кездесулер өткізді. Қазақстан сыртқы саясат ведомс­тво­­сының басшысы, сондай-ақ Еу­ро­одақтың сыртқы істер жөнін­дегі экс-комиссары, Австрия­ның экс-сыртқы істер минис­трі Бенито Ферреро-Вальднер­дің төра­ға­лығымен өткен Еура­зия Кеңесінің халық­аралық қа­ты­настар жөніндегі отырысына қатысты. Парламенттегі кездесуде халықаралық және екіжақты күн тәртібінің өзекті мә­селелері жөнінде сындарлы пікір алмасу болды. Е.Ыдырысов Британия Парла­мен­тінің мүшелерін елде іске асырылып жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Бес институттық реформа, Қазақстан Пре­зидентінің соңғы бітімгерлік баста­малары, оның ішінде «Әлем. ХХI ға­сыр» манифесінің мазмұны, еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезінде атқаратын жұ­мыс­тары жөнінде хабардар етті. Қазақ­станмен ынтымақтастық жөніндегі жалпы­партиялық  топтың мүшелері, бірқатар көрнекті және беделді саясаткерлер Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жо­ғары бағалады және қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің келе жатқан 25 жылдығымен құттықтап, қазіргі уақытта Қазақстанда сапармен болған топтың мүшелерін жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді. Е.Ыдырысов Британия премьерлерінің атақты резиденциясында Премьер-министрдің кеңесшісі М.Грантпен өткен кездесу барысында екі елдің халық­аралық және өңірлік қауіп­сіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерін және экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеттерді тал­қылады. Е.Ыдырысов Елбасы  Н.Ә.На­зар­баевтың Ұлыбритания Премьер-ми­нистрі Т.Мэйді Астанаға ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесін өткізу кезеңінде Қа­зақ­станға келуге шақыру хатын табыс етті. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуразиялық кеңес (ХҚЕК) – Қамқоршылар кеңесі отырысының ашылуында сөз сөйлеген Е.Ыдырысов жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті сын-тегеуріндері мен қатерлеріне, сондай-ақ Ор­та­лық Азия мен Еуропа елдері­нің өзара іс-қимылының перспек­ти­валық бағыттарына шолу жасады. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне  сайлан­ған алғашқы ел екенін айта отырып, ол ресми Астана «жалпыөңірлік басым­дық­тардың ғаламдық алаңында Орталық Азия басымдықтарын ілгерілету және халық­аралық қоғамдастық ресурстарын Ауған­стандағы тұрақтылыққа жәрдем­десуге баса назар аудара отырып, өңіріміз­дегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатер­лерге қарсы тұруға тарту бойынша белсенді жұмыс істеуге ниетті екенін» атап көрсетті. Қамқоршылар кеңесінің отырысында ХҚЕК қызметінің өткен жылғы есебі тыңдалып, оның алдағы кезеңге арнал­ған ғылыми-ұйымдық жұмысының басым­дық­тары белгіленді. Бұл мәселелерді Кеңес мүшелері екі пікірталас алаңдарында егжей-тегжейлі талқылады, олар: «Еуропа – Ор­талық Азия: саясат, қауіпсіздік және инс­титуттық даму салаларындағы ынтымақ­тас­тықтың келешегі»; Еуропа мен Орталық Азия арасындағы эконо­микалық ынтымақ­тастық­тың мүмкіндіктері мен сын-тегеу­ріндері» деп аталды. Қатысушылар ХҚЕК-тің тұрақты саяси байланыстарды нығайтуға және Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылына мейлінше белсенді ықпал етуге дайын екендерін растады. Лондондағы отырыс ХҚЕК-тің үшінші жыл сайынғы кездесуі болды; алдыңғы кездесулер Брюссель мен Венада өткен болатын. «Егемен-ақпарат»