01 Наурыз, 2011

Жасампаздық жолбасшысы

394 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫ –  ХАЛЫҚ Ақпанның 25-26-сы күндері Оңтүстік Қазақстан облысына Елбасының  Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Жолдауын насихаттау мақ­сатында құрамы 16 адамнан тұратын республикалық ақ­па­рат­тық-насихаттық топ келіп, облыстың қала, аудандарында тұр­ғындармен кездесулер өткізді. Облыстық филармонияда өт­кен жүздесуді облыс әкімі Асқар Мырзахметов жүргізіп отырды. Республикалық ақпараттық топ жетекшісі, Қазақстан Респуб­ли­касының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасады. Бақытжан Тұр­сын­ұлы Қазақстанның бүгінгі әлеуетін танытатындай деректерді мысалға келтіріп, сала-сала бо­йынша жіліктеп берді. Мәсе­лен, осыдан аттай он жыл бұрын Білім және ғылым ми­нистр­­лігі­нің республикалық бюджеті 15 миллиард теңге ғана бол­са, қазір 300 миллиардқа жет­кен. Яғни, осы аралықта білім саласын қар­жыландыру жиыр­ма есеге өскен. Ішкі жал­пы өнімнің он екі есеге артқаны әлемдік тарихта орны бар өрлеу. Жолдауда айтылған міндеттер мен тапсырмаларды егжей-тегжейін баяндаған министр білім са­ласында қордаланған күр­делі мә­селелердің шешілу тетігін айтты. Ол жаңбырдан кейінгі с­а­ңы­рау­құлақтай қаптаған университеттер, сапасы мен мазмұны сын көтермейтін педагог кадр­ла­ры­ның төмендеген беделі, жо­ғары оқу орындарындағы ғы­лым­­ды да­мытуға немкеттілік жә­не орта мек­теп пен бала­бақ­шаларға қа­тыс­ты пайым­дау­ларын білдірді. Кездесуде облыстық мәслихат­тың депутаты, белгілі кәсіпкер С.Сейт­жанов, “Оңтүстік Қазақстан облысы әйел және балаларды қор­ғау орталығы” қоғамдық бір­лес­тігі­нің төрайымы О.Ли, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ про­фес­соры Ж.Бақов, Шымкент қала­сын­дағы №26 мек­теп-гимназия­ның мұғалі­мі З.Мергенбаева сөз алып, Елба­сы­ның Жолдауын қол­­дай отырып, өз­дері­не артыл­ған талаптар бо­йын­ша көз­қарас­тарын білдірді, ат­қа­рып жатқан жұмыс­тарын баян­да­ды. Ақпараттық топ Түркістан қа­ла­сында кездесулерін жалғас­тыр­ды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің мәжіліс залында қала және Кен­тау қаласы мен Отырар ауда­ны тұрғындары, университеттің ұжы­мымен кездесті. Мұндағы мә­­­жілісті университет басшысы Лес­­бек Тәшімов жүргізіп отыр­ды. Осындай жүздесу оңтүс­тік­тегі іргелі оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақ­стан мемлекеттік универ­си­те­ті­нің студенттері және ұжы­мы­мен де өтті.  Еркін сұхбат ра­йын­да өт­кен кездесуде сұрақ­тарға то­лым­ды жауап берілді. Білім сала­сының ал­дында тұрған міндеттер сара­лан­ды. Академик У.Бишімбаев басқа­ра­тын  оқу орнының республикада ғылым­ды өркендетуге ерекше мән беріп отырғандығына риза­шы­лық білдірілді. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы. * * * АҚПАРАТТЫҚ- НАСИХАТТЫҚ ТОП –  АҚТАУДА Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауының басты бағыттарын тереңдете түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ Ақтауға келді.  Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев бастаған топтың құрамында Парламент Мәжілісінің депутаттары Зейнолла Алшымбаев, Гүлнәр Сейітмағанбетова, сондай-ақ министрліктердің өкілдері болды. Еліміздегі мұнай алыбы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен кездесуде С.Мың­баев «Қазақстан экономи­ка­сы­ның қозғаушы күші мұнай-газ кешеніндегі биік жетістіктер елі­міз­дің, соның ішінде аймақ­тар­дың тұрақты  дамуына игі әсер етеді. Сондықтан да бұл жылы министрлік осы саладағы жұ­мыс­тардың қарқынды дамуын қолдауға «Елбасы Жолдауының «Қарқынды экономикалық жаң­ғыру – үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдар­лама­сы­ның жалғасы» атты тарауын­дағы міндеттерді жүзеге  асы­руға бағытталғандығын атап көр­сетті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Ел­басы Жолдауындағы тапсырма­лар­ға орай көмірсутегін тасы­мал­дау бағыттарын кеңейту, олардың қауіпсіз және сенімді жеткізілу салдарын қамтамасыз ету басты назарда болу қажеттігін айта келіп, теңіз инфрақұрылымдары мен аймақтың экспорттық бағыт­тарын ұлғайта түсу жолындағы істеліп жатқан ұлан-ғайыр игі істер жай­лы әңгімеледі. Одан соң ақпараттық топ жетекшісі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг униве­рси­теті­нің оқытушылар  құрамы мен студент жастары алдында сөз сөй­леді.  Облыстық әкімдікте облыс білім беру қызметкерлерінің актив жиналысына қатысып, елі­міздің индустрияландыру карта­сы бойынша құрылыстары жүріп жатқан нысандар металл құрыл­ғыларын шығаратын өнеркәсіп кешені мен битум зауыты құры­лысының жүру барысымен танысты. Ал Парламент Мәжілісінің де­путаттары З.Алшымбаев, Г.Се­йітмағанбетова, түрлі министр­лік­тер өкілдері өңірдің өнеркәсіп орындарының, елді мекендердің тұрғындарымен, әлеуметтік сала және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Онда Ел­басының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы­ның халқымыздың бірлігін ны­ғай­тып, елімізді жоғары қарқын­мен даму көкжиегіне нық қадам басуға бастайтындығына сенімді екендіктерін білдірді. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау. * * * БАҒДАРЛАМА ОСЫ ЖЫЛЫ ОРЫНДАЛАДЫ Елбасы осы жылғы халыққа Жолдауында үш аса маңызды мемлекеттік бағдарлама – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамытуды ерекше атап көр­сеткені белгілі. Бұл ретте Маң­ғыстауда игілікті істер баршылық. Оған облыс­тық білім беру сала­сындағы жетістік дәлел. Атап айт­сақ, осыдан бес жыл бұрын ұлт­тық бірыңғай тестілеу қорытын­ды­сы бойынша облыс 14-орында болса, өткен жылы елімізде ал­ғашқы орынға шықты. Ал мектепке дейінгі тәрбиеге келсек, өткен жылы оларды бала­бақ­шамен қамту 72 пайызды құра­ды. Ал биылдың өзінде тағы да мектепке дейінгі 11 балалар мекемесі кері қайтарылып, 17 жеке мен­шік ба­ла­бақша мен 33 шағын орталық ашы­лады. Бұл – «Балапан» бағдарламасы Маңғыстауда осы мерекелі жылы 100 пайыз орындалады деген сөз. Сондай-ақ, осы жылы облыста ал­ғаш рет мектепке дейінгі тәрбиені үй­лес­тіру орталығын құру қолға алынуда. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау. * * * ЕЛ ІШІНДЕГІ ЖҮЗДЕСУЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР Кезекті республикалық ақпараттық-насихаттық топ шежірелі де көрікті Көкше өңіріне атбасын тіреді. Респуб­ликалық ақпараттық-насихаттық топты Қаржы министрі Болат Жәмішев бастап келді. Бұл топтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ­тың іргесін бірге қалай­мыз» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұжырым­дарын кеңінен насихаттау және Жолдауда белгіленген мін­деттердің орындалу барысын бақылау болып табылады. Ақмола облысында 26-28 ақ­пан күндерінде насихат жұмыс­тарын жүргізетін топтың жұмыс жос­пары ауқымды да маңызды. Республикалық ақпараттық-на­си­хаттық топ облыстың Ақкөл, Ар­шалы, Ерейментау, Бұланды, Егін­дікөл, Зеренді, Атбасар, Жарқайың және Сандықтау аудандарында, сондай-ақ Степногор және Көк­шетау қалаларында болып, еңбек ұжымдарында, қоғамдық ұйым­дарында кездесу өткізеді деп жоспарлануда. Сапардың алғашқы күні Болат Жәмішев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ­си­тетінің студенттері және оқыту­шылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында Болат Жәмішев қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Одан әрі республикалық ақ­параттық-насихаттық топ облыс орталығындағы «Енки», «Агример Астық» ЖШС-лерін, «Ты­ныс» АҚ-ты аралады. Көкшетау қаласындағы қан орталығының еңбек ұжымымен кездесті. Осын­дай іс-шаралар барысында рес­публикалық ақпараттық-наси­хат­тық топ мүшелері Жолдауда белгіленген экономика, білім беру, әлеуметтік салаларға қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы. * * * ДАМУДЫҢ САРА БАҒЫТЫ 28 қаңтарда Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан хал­қына арналған дәстүрлі Жол­дауы жария етілді. Елдің орта­лық телерадиоарналары арқылы тікелей эфирден берілген Мемлекет басшысының кезекті Жол­дауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталғаны белгілі. Президент аталған Жолдау ба­ры­сында атқарылған істер мен ал­дағы міндеттерімізді нақты мы­салдармен айшықтап өтті. Ел дамуының стратегиясын, ба­сым­­дықтар мен болашағын, мем­ле­кеті­міздің ырғақты да­муы­на қа­­тысты нақты мақсат­тарды а­й­қын­­дап берген басты құжатта ден­саулық сақтау, білім беру, тілді дамыту, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық са­ла­ларына айрықша назар ау­дарыл­ды. Елбасы атқарылған жұмыс­тарды саралай отырып, бола­шақ­та атқарылатын игілікті істерге де кеңінен тоқталды. Білім беруді әлемдік кеңістікке шығару – бас­ты мақсат. Осы бағытта білім беру саласындағы түйткілді мә­селе­лерді оңтайлы шешу тура­сында тың ойлар қозғалды. Сала­матты өмір салтын қалыптас­тыру ел болашағының кепілі екендігі баса айтылды. Уақыт та­лабын көтер­ген, келешекті бол­жаған Жолдау ел ішінде үлкен серпіліс туғызды. Ой – айқын, міндет – нақты. Осынау маңызды міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру – бар­шамыздың ортақ міндетіміз. Елбасымыз айтқандай, «Біз жасампаздықпен жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жо­лына түстік. Толағай табыс­тары­мен дүние жүзін мойын­датқан Қазақстанның әлеуеті артып, эко­номикасы серпінді бо­ла түсті». Биылғы Жолдау – елдің ер­теңгі дамуының арқауы. Қа­сиетті жұма күні жалпы жұрт­шы­лыққа жол тартқан Ел­ба­сының кезекті Жол­дауы бүгінде қа­зақ­­стан­дық­тар та­ра­пынан қол­дау тауып қана қой­май, ел хал­қы оны жүзеге асыру жол­да­ры­н­дағы жұмыс­тар­ды қызу бастап кетті десек, қате­лес­пейтініміз анық. С.ҚАСЫМОВ, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қарағанды.