11 Қазан, 2016

Футболдан Қазақстан құрамасы 17-0 есебімен жеңілді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуро-2017-нің іріктеу турында Қазақстан құрамасы Франция командасынан ойсырай жеңілді. Алғашқы турдағы кездесу 17:0 есебімен франциялық қыздардың пайдасына шешілді. Кездесудің бірінші таймында қарсыластар Қазақстан қақпасына 13 гол салды. Іріктеу матчы Шотландияда өтіп жатыр. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 12 қазан күні Шотландиямен кездеседі, ал үш күннен соң Хорватиямен ойнайды. Бірнеше күн бұрын футболдан Қазақстан ерлер құрамасы Черногориядан 0:5 есебімен жеңілген болатын.