11 Қазан, 2016

«Эйр Астана» компаниясына қатысты іс қозғалды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың жұмысына кедергі келтіргені үшін «Эйр Астана» АҚ-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 7 қазанда «Эйр Астана» АҚ тергеп-тексеруге шыққан монополияға қарсы ведомство қызметкерлерін өзінің ғимаратына кіргізбей қойған. Бұған дейін аталған авиатасымалдаушыға қатысты билеттерге монополиялық жоғары баға белгілегені үшін тергеп-тексеру басталғандығы хабарланған еді. «Бұл ретте, 2015 жылғы 5 қазаннан бастап авиаұшулар қызметтеріне баға реттеу жойылғанын атап өтеміз. Баға реттеу жойылғаннан кейін авиабилеттерге бағаның елеулі көтерілгені (орташа 30-40%) байқалады. Тұтынушылардан түскен шағымдарға байланысты, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастады. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады» - деді ведомство баспасөз қызметі.