ҚР Ұлттық экономика министрлігі кредит бойынша мөлшерлеменің қазіргідей 16-17 пайыз деңгейінде емес, бір мағыналы етуге бірқатар шара қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев
Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан.
Ол алдағы бес жылда орташа алғанда экономиканы 5 пайызға көтерудің міндеттеліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты жеке қайнарлардан экономикаға инвестиция құюды белсенді етудің, банк мөлшерлемелерін төмендетудің және қаржы жүйесінің сауықтырылуының, сонымен қатар мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетудің жоспарланып отырғанын айтты. Министр қымбатқа сатудың жекешелендірудің мақсаты емес екенін жеткізді.
"Мақсат - жеңілдеу, мемлекеттік ресурстарды босатып, жеке бизнеске дамуға мүмкіндік беру. Мемлекет бизнеспен өзі айналыспай, бизнеске инфрақұрылым жасауы тиіс. Біздің есебімізге, сегіз айда инфрақұрылымға құйылған 1 теңге инвестиция тұрғын үй құрылысына 9,3 теңге теңге әкелді. Негізінде біз алаңды тазартуымыз керек, біріншіден, өзіміз сол алаңнан кетуіміз керек, мемлекеттің экономикадағы үлесін 30-дан 15 пайызға дейін қысқартуымыз керек, екіншіден барлық шектеулерді, әкімшілік барьерлерді алып тастауымыз керек", - деді министр.