11 Қазан, 2016

Астанада ат спорты клубы 200 мың теңгеге сатылып кетті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
at Елорда әкімдігіне қарасты «Астана» көкпар клубы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны жекеменшікке сатылды деп хабарлайды Егемен-ақпарат тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. Голландиялық әдіспен аукционға шығарылған клубтың меншігінде асыл тұқымды 11 ат, қызметтік көліктер мен ат әбзелдері болған. Соның барлығын «құпия адам» бар болғаны 198 мың 700 теңгеге сатып алыпты. Таңғаларлығы, аукционның өткенін тіпті клуб басшылығы да білмей қалған. «Астана» көкпар клубы» МКҚК директорының орынбасары аталған мәліметті растады. Дегенмен, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Осы спорт клубына өз нысандарын жалға беріп келген «Тұлпар» ат спорты клубы директорының орынбасары Болат Шалабаев аукционның өткенін де, спорт клубының арзан бағаға сатылып кеткенін де айтып берді.