01 Наурыз, 2011

Жыл қорытындысы және келешекке жоспар

695 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП 2011 жылға арналған Рес­пуб­ликалық желілік іс-шаралар кестесіне сәйкес  «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Құқықтық кеңес  «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заң­ды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәсе­ле­сі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» ҚР заңының жобасын талқылаған халықаралық дөң­ге­лек үстел өткізді. Құқықтық кеңес мүшелері алдымен өткен жылғы атқа­рыл­ған істерге қорытынды жасап, алдағы  атқаратын істер­дің бағытын нақтылады. Одан кейін Парламент депутат­тарының, министрліктер мен ведомстволардың,  «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының, қазақстандық үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері, Австрияның, Латвия мен Молдова республикаларының ғалымдары мен сарап­шылары  бар  кеңейтілген құрамда Қазақ­станда заңды тұлға­лардың қыл­мыс­тық жауапкершілігін енгізуді құқықт­ық реттеу мәселелерін талқылады. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Фракциясының жаны­нан құрылған Құқықтық кеңес төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңестің 2010 жылдың наурызындағы ұйымдастыру мәжілісінен бергі атқарылған істері жөнінде сөз сөйледі. Құқықтық кеңестің ең алғашқы жетістігі – «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасын дайындаған­дығы. Ол еліміздің және кейбір шетелдік сарапшылардан  оң баға алды. Енді кеңес мүшелері осы жылы онымен жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Нұрлан Әбдіров 2011 жылға арналған жұмыс жоспарын баяндай келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Нұр Отан» ХДП-ның XIII-съезінде айтылған тапсыр­маларды орындау бойынша іс-шараларды іске асыру жөнінде сөз қозғады. Талқылау қорытындысында  Құқықтық кеңес Конституция күні мен еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы отырыс өткізуді жоспарлады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұл­ғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы талқы­ланды. Талқылау барысында заңнаманы жетілдіру бағытында  тиісті ұсыныстар қабылданды. «Егемен-ақпарат».