12 Қазан, 2016

Атыраулық азамат жерден, күннен және желден қуат алатын қондырғы жасады

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zhelАтырауда желден, күннен және жер астынан энергия өндіретін құрылғы жасалды Атырауда тұратын Ержан Нұр­еденовтің жасы 27-де. Көптен желден, күннен және жер астынан қуат өндіретін қондырғы жасауды ойлас­тырып жүріпті. Жақында жаңа қон­дырғының жасалу жолдарын таныс­тырды. Жас энтузиаст-ғалым қазір идеясын «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясы өткізіп жатқан кон­курсқа да ұсынып үлгеріпті. – Менің қондырғым саманея аға­шына ұқсатылып жасалады. Энергия үш жерден алынады: жер астынан, күннен және желден. Геотермалды қон­дырғы жер астынан жылу шыға­рып қыста орындықтарды жылыта­ды. Қондырғының бұтақтарында күн батарея­лары орналастырылады. Бата­рея­лардың астында жел энергиясын алатын спираль тектес модульді турбиналар болады. Алынған энергиямен жақын маңдағы тұрғын үйлерді жа­рық­тандыруға мүмкіндік бар. Тал­да ор­на­лас­қан шамдар түбіндегі орындық­тарға жарық түсіріп тұрады – дейді жас ғалым. Оның пікірінше, қала көшелеріне қойылатын қондырғыда тұрғындарға пайдалы өзге де функциялар болады. Нақтылай айтқанда, жел жыл­дам­дығын, ауа температурасын, ауада­ғы ылғалдылықты өлшейтін аппарат­тар орналастырылады. Сонымен қатар, Wi-Fi модем, дисплей, дыбыс шығар­ғыштар да қойылмақ. Ержан Нұреденов болашақта үш түр­лі қуат өндіретін қондырғыны көп­теп шығаруды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, сөйтіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосуды армандайды. Өзі ойлап тапқан қондырғысын патенттеп те үлгерген. – Бұл жобамды Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа көрсеттім. Ол бұған үлкен қызығушылық танытты, – дейді ол.  Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ