12 Қазан, 2016

Самат Смақов енді бапкерлікпен айналысуы мүмкін

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
smakov-e1425624079447 Футболшы Самат Смақов ұлттық құрама сапында ойнауды доғаратынын айтты. Ол бұл туралы кеше Қазақстан мен Румыния командалары арасында өткен матчтан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды «Егемен-ақпарат». Өзінің айтуынша, жастарға жол беру керек деп шешім қабылдаған ол ойыншы ретіндегі спорттық мансабын доғарғанымен, бапкерлік бағытта жұмыс істеуі мүмкін. Жартылай қорғаушы Самат Смақовтың жасы 37-де, Ұлттық құрама сапында 2000 жылдан бері ойнап келеді.