12 Қазан, 2016

Талдықорғанда жаңа театр құрылысы басталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
teatr01 Бүгін Талдықорған қаласында жаңа драма театрының қазығы қағылды. 510 көрерменге арналған заманауи үлгідегі 3 қабатты мәдениет ошағы қаланың жаңадан бой көтеріп келе жатқан оңтүстік-батыс ауданында орналасады. Ғимараттың қазығын қағып, капсуласын салу рәсімін облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге Қазақстанның халық әртістері, белгілі театр және кино актері Досқан Жолжақсынов, режиссер Талғат Теменов, театр әртісі Алмахан Кенжебекова, киноактер Әлімғазы Райымбек атқарды. Жетісулық өнерсүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өнерге деген зор қамқорлығының арқасында осы ғимаратты салуға қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Жалпы, театр құрылысының құны 4 млрд теңгеге жуық қаржыны құрайды. Құрылыс жұмыстарын BI Group компаниясына қарасты «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС жүргізеді. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 538 шаршы метр. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2018 жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Сағыныш НАМАЗШАМОВА, Алматы облысы