12 Қазан, 2016

Қашағаннан алғашқы мұнай алынды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
0_0_mestorozhdenie_kashagan Төрт ұңғымадан алынатын мұнай көлемі бүгінде тәулігіне 90 мың баррельді құрайды деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыстан кейін Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» резервіне мұнай жіберіле бастағанын хабарлады. «Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұңғымада өндіріс белсенді жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне шамамен 90 мың баррель», - деді министр. Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты. «Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр», - деді Қ. Бозымбаев. Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.