01 Наурыз, 2011

Үлгілі үрдістерге жол ашқан дәріс

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы байла­ныс­тарын, саяси жүйенің тұрақтылығын, ел да­муын­­дағы батыл қа­дам­дар­ды ба­ғамдау жолында еліміздегі өзге елдердің дип­лома­тия­лық корпус өкіл­дері бел­сенді қызмет атқарып келеді. Әсіресе, сыртқы саяси ба­­ғыттарда кез келген мемлекетпен уағдалас­қан берік досты­ғы­мызға да өзіндік қо­мақты үлестер қосып жүр­гендері белгілі. Соның бір дә­лелі, кеше елордадағы Л.­Н.Гумилев атындағы Еу­­разия ұлттық уни­верси­те­тіне Испанияның Қа­зақ­­стан­дағы Төтен­ше және өкі­­­лет­ті елшісі Альберто Ан­тонның келіп оқыған дәрісін айтуға бо­лады. Альберто Антонның «Ис­­­­­па­ния­ның халықаралық жо­балары: Испания және Еу­роодақ. Қа­зақ­стан мен Испания арасындағы қа­рым-қа­тынас» атты дәрісі 2010 жыл­дың 24 қарашасы күні Еуро­одақтың Қазақ­стандағы елшісі Норбер Жус­­теннің бастамасымен өз жұмысын жалғастырып кел­­ген «Еуро­одақ және ЕҰУ достастық көпірі» жо­басы аясында өт­кізілді. Жал­­­пы, бұл жобаға Испаниядан бөлек тағы Фин­лян­дия, Чехия, Швеция, Вен­грия, Ұлыбритания, Ру­мы­ния, Литва, Франция, Италия сынды мемлекет­тер­дің ел­шілері ниет білдіріп, жо­баның сәтті орын­далуына біркісідей атсалы­сып келеді. «ЕО және ЕҰУ дос­тас­тық көпірі» аясында оқы­ла­тын дә­рістер оқу жылы­ның со­ңы­на дейін жал­ғас­пақ. Альберто Антон өзінің дәрі­сін, біріншіден, Испа­ния­ның ұлт­тық әуен­дері­мен әрленген қысқа ме­траж­ды деректі фильмнен бас­тады. Испанияның та­рихына қыс­қаша тоқ­тал­ған елші, бүгінгі таң­дағы осы елдің халықаралық имиджі мен әлем алдын­дағы бай­ла­ныс деңгейін де шолып өтті. Содан ба­рып Еуро­одақ­қа мүше мем­­лекет­тер­дің ерекшеліктері, соның ішінде білім беру жүйеле­ріндегі ал­ға қойған талап­тары жа­йында әңгіме өрбіт­ті. Оқу-ағарту сала­сын­дағы көп­жақты ынтымақ­тас­тық­қа арқау болатын мұндай бас­­тамаларды алдағы уа­қыт­тарда да жиі өткізіп отыр­ған тиімді екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ис­­панияның сыртқы сая­са­ты, испан тілі және Испания мәдениеті жа­йында, Испания мен Қазақстан ара­­сындағы екіжақты қа­рым-қа­ты­насқа толығырақ тоқталды. «Достастық көпірі жо­басы шын мәнінде де оған қа­тысушы мем­лекеттер ара­­­­сындағы мәдени көпір бол­мақ, сондықтан да оның әр тарап үшін ма­ңы­зы ай­рықша. Елші ретінде бүгін­гі кездесу мен үшін де ерек­ше маңызды, себебі, мен бүгін қазақ қо­ға­мымен те­реңірек та­ныс­тым», – деді Альбер­то Антон журналистерге берген сұх­ба­тында. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.