13 Қазан, 2016

Астан уланып, ажал құшты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ciuperci-shutterstockСаңырауқұлақты картоппен бірге қуырып жеген Пономарен­ко отбасының мүшелері ауыр халде Петропавл қаласына шұғыл жет­кізілген. Облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықта орна­лас­қан Соколовка ауылының тұрғын­дары бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер өлім мен өмір арасында жатқан үш қыз бен олардың анасын ажал тырнағынан арашалап қалуға қанша күш салса да, еш нәтиже шығара алмады. Қайғылы оқиға Қызылжар ауданын­да орын алған. Ауылдас­тарының айтуынша, жалғызілікті ана қыздарымен осында үш жыл бұрын көшіп келген. Тұрмыстары жүдеу болса да, ешкімге шағым­данып көрмеген. Уланды деген хабарды естісімен, қан тапсыруға қалаға қарай ағылған. 5 жасар Олеся, 8 жасар Ксюша, 12 жасар Таня және аналары Вероника жансақтау бөлімшесінде естерін жия алмаған күйі өмір­мен қош айтысқан. Респуб­ли­ка­лық санитарлық авиация желісі бойынша еліміздің бас реаниматологы мен токсикологы шақыртылған. Бактерияға қарсы қарқынды терапия қолданылып, көп плазма құйылған. Науқас­тардың ағзалары бұзылып, өкпе, бүйрек қатты зақымданған. Қазір сот-медициналық сарапта­ма­лық жұмыстар жүргізілуде. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»