13 Қазан, 2016

Біреулер бізге қастандық ойлап жүр дейді Гелиос

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлеуметтік желілерде Гелиос жанармай құю стансасында автокөлікке бензиннің орнына "ауа" құйып жатқа бейнеролик арандатушылық әрекет деп бағаланып, бұл өз кезегінде компания имиджін түсіру үшін қасақана жасалды деген тұжырым айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің сауалына «Гелиос» компаниясынан берілген жауапта келтірілген. «Қызметтік тексеру барысында аталған жанар-жағармай құю стансасына сол күні келген клиент кассирден 85 теңгеге АИ-92 маркалы бензинін құюды өтініп, өз еркімен бензин құятын пистолетті алып, көлігінің багіне салған. Сонымен бірге ол отын құятын кезде бактан пистолетті алып шығып және оны шүріппесін төмен қарай түсірген, ал шлангіні жоғару көтеру әрекетімен техникалық процессті бұзды», -деп түсіндірді компания. Сонымен қатар компания өкілдері бейне ролик авторы колонкоға стансаның қызметкерін жақындатпағанын және осы әрекетімен пистолетке зақым келтіргенін атап өтті. «Оның көлікке 85 теңгеге бензин құюы, сондай-ақ бейне түсірілім жасау әрекеттерінде «Гелиос» компаниясы туралы жағымсыз пікір қалыптастыру бойынша қасақана мақсат болды. Бейне роликті зерттеу кезінде пистолетті төмен түсірген кезде есептегіште сандар артқаны, ал пистолетті көтерген кезде өлшемдер мен ақша сомасы азайғаны байқалады. Атап айтқанда, колонка есептегіші баяу қарқынмен айналғанын ескере отырып, шлангіде отынның бар екендігін аңғаруға болады. Алайда колонка пистолетінің шүріппесі төмен түсіп тұрғандықтан, бензин сыртқа қарай ақпады», - деп түсіндірді Гелиос.Компанияның пайымынша, бейне роликте сол күні болған барлық жайт қамтылмаған. «Егер де бейне түсірілімнің жалғасы болса, онда колонка автоматты түрде өшіп қалғандығы көрінер еді. Шынында колонка 400 миллилитр мөлшерінде автоматты түрде сөніп отырды, бұл жағдай бейнеде көрсетілмеген. Аталған жайт техникалық сипаттамамен түсіндірілген, себебі зақымданған втулкамен шлангі отынға толғаннан кейін колонка жұмысын тоқтатады, ал жүйе газ қайтарымы жүйесінің жоқтығын анықтайды»,-делінген хабарламады. Компания өкілдері осының алдында колонка техникалық тұрғыда дұрыс жұмыс істеп тұрғанын, бірақ та аталған ақау бейне ролик авторының механикалық қате әрекеттерімен туындағанын алға тартуда. Осы себепті «Гелиос» компаниясы үнемі көлікке отын құю міндетін тек стансаның операторларына жүктейді. Тек осы жағдайда ғана көрсетілген қызметтері үшін толық жауапкершілікті өздеріне алады. Жанар-жағармай құю стансасы клиентімен болған оқиғадан кейін техникалық мамандар колонка жұмысын зерттеген, осы ретте газ қайтарым жүйесінің түтікшесі істен шыққандығы анықталған көрінеді. «Аталған зақымдану тек бейне ролик авторымен пистолетті дұрыс пайдаланбау себебінен орын алуы мүмкін. Колонка жұмысының режімі бұзылғандығы анықталысымен, істен шыққан бөлшектер дереу түрде ауыстырылды», - дейді баспасөз қызметі. Сонымен қатар «Гелиос» компаниясы әлеуметтік желілерде арандатушылық бейне роликтен кейін жазылған сындарға алаңдаушылық білдіріп отырғандығын жеткізді. «Бейне түсірілім авторының әрекеттері компанияның оң имиджін түсіруге бағытталғаны туралы пікірімізді жеткізгіміз келеді. Біз 17 жылдан астам уақыттан бері тұтынушылар игілігіне жұмыс істеп келеміз және әділ серіктестік абыройын қастерлейміз. Осыған байланысты барлық бәсекелестерімізді бизнесті адал жүргізуге, ал клиенттерімізде түрлі арандатушылықтарға мән бермеуге шақырамыз», - деп атап өтілген компания хабарламасында.