Үстіміздегі жылдың маусым айында Мәжіліс депутаттары Сәкен Қаныбеков пен Уәлихан Қайназаров Үкімет басшысына сауал жолдап, төмендегі жайттарды жеткізген еді.
Қазақстан биологиялық алуан түрлілігі мен ландшафтардың байлығы жөнінен көршілес Орталық Азия республикаларынан едәуір алда тұр. Солай бола тұра, Қазақстан орманы аз мемлекеттер қатарына жатады. Ормандар республика аумағының төрт пайыздан жоғары ғана бөлігін көмкерген және де бұл көрсеткішке сексеуіл екпелерінің арқасында ғана қол жетіп, олар орман алқаптарының тең жартысына жуығын алып жатыр. Республика аумағының ауқымды бөлігіндегі климатының күрт құбылмалығы қалың орман өсуіне кедергі болып, бұл ормандарды молықтыруды қиындата түседі.
Бүгінгі таңда орман секторын дамыту басымдықтарының бірі болып табылатын – ормандарды қалпына келтіру жұмыстары бәсеңсіп, саланың дәйекті дамуына кедергі болып отырғанын атап өту керек. Елдің орман ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаның болмауы – орман саласының проблемаларын шешу жөніндегі мемлекеттік органдардың күш-жігерін жүйесіз және берекесіз сипатқа алып келіп отыр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да жасыл аймақтарды дамытуға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбейді.
Мемлекеттік «Қалалардың жасыл аймақтарының құрамы және мөлшері» атты стандартына сәйкес, жасыл аймақтар көлемі – 326 мың га болуы тиіс. Алайда, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының жасыл аймақтарының көлемі – 111 мың гектардан аспайды.
Одан әрі депутаттар ормандарды сақтау, ағаш кесу жұмыстарын шектемеу және т.б. орман қорының азып-тозуына соқтырып отырғанын бірнеше мысалдармен айтады. Сондай-ақ, орман қорғау қызметкерлері жалақысының төмендігін, әлеуметтік жағынан қорғалмауын да тілге тиек етеді. Осының бәрін айта келіп депутаттар «орман шаруашылығы экономикасының орнықты дамуы үшін және салада қордаланып қалған проблемалық мәселелерді шешу үшін стратегиялық құжат қабылдау» қажеттігін жазады.
Депутаттардың мәселені ұзақ зерттеп, жан-жақты толғанып жазған сауалдарына Үкіметтен қысқаша ғана жауап келді. Онда орманды сақтау және оны ұтымды пайдалану мәселелері бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық құжат, яғни бағдарлама қабылдау мүмкін емес делінген. Өйткені, делініпті жауапта: «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 92-қадамында мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту және салалық бағдарламаларды жабу көзделген. Осыған байланысты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды оңтайландыру барысында орман шаруашылығын дамыту мәселелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарына және жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламасына біріктірілген.
Сөйтіп, артық бағдарлама қабылданбайтындықтан, депутаттар орман шаруашылығын дамыту мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардан ғана сұрайтын болыпты.
Әзірлеген
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10