01 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 26 ақпандағы № 31/51 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабы­на сәйкес 2011 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясы 1961 жылы туған, ұлты қазақ, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық Комитетінің Хатшысы Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.

* * * Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 32/55 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Мэлс Хамзаұлы Елеусізовті Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы  Конституциялық  заңының  12-бабы 8) тармақшасына, 59-ба­бы­на сәйкес 2011 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясы 1950 жылы туған, қазақ, Алматы қаласында тұратын, Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорын­дарының «Та­би­ғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Хамза­ұлы Елеу­сізов­ті Қа­зақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.

* * * Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 32/56 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық  заңының  12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2011 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1950 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғани Есенкелдіұлы Қасымовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.