01 Наурыз, 2011

Игі бастамалар ізімен

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Литва Сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен кездесті. Өз сөзінде мейман 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндетін жоғары деңгейде атқарып шыққанын атап өтті. Қазақ елінің игі бастамалары жал­ғасын тауып жатқанын мә­лімдеді. Қазақстанның, әсіресе, Молдова мен Қырғызстанға қол­дау білдірудегі белсенділігін ерек­ше айтуға болады. Сонымен бірге есірткіге қарсы күресті күшейту мақсатында Ауған­стан­мен көршілес елдердің шека­ра­ларын нығайту мәселелерін сөз етті. А.Ажубалис Қырғызстандағы тұрақтылықты қалыптастыру мә­се­лелері күн тәртібінде тұрға­нын, осы орайда өзінің сол елге сапармен баратынын жеткізді. Мәжіліс Төрағасы ЕҚЫҰ-ның негізгі үш өлшемі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар­дың өзектілігін айтып өтті. Сондай-ақ Қазақстан Пар­ламентінің қаржы дағдарысына қарсы қабылдаған заңдары, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты атап өту бағытындағы дайындық барысы туралы ой­ларымен бөлісті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы ынты­мақтастық туралы пікір алмасты. Екі ел достық байланысты да­мы­туға ынталы. Орал Мұхамед­жанов, әсіресе, көлік және экономиканың аграрлық саласын дамытуда екі жаққа да тиімді келісімдерді жүзеге асыруға бо­ла­тынын айтты. «Егемен-ақпарат».