Алматы қаласында Түркияның Думлупынар университетінің әлеуметтік ғылымдар институты мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесе отырып, I Халықаралық Африка-Еуразия зерттеулер конгресін өткізді.
Биылғы конгрестің тақырыбы «Африка-Еуразия елдеріндегі қоғам, ақпарат және ақпараттық технологиялар» деп аталады. Конгресте Африка-Еуразия елдеріндегі ақпараттық технологиялардың қоғам мен саясатқа ықпалы бағаланып, осы аймақтарға қатысты түрлі мәселелер ғалымдар талқысына салынды.
«Африка-Еуразия зерттеулер конгресі әлеуметтік ғылымдар саласында жүргізілетін зерттеулер деңгейін арттыруға және түрлі мәдени үдерістерді салыстыруға септігін тигізеді. Осылайша, Африка-Еуразия қалаларынан келген әлеуметтанушылар өз ғылыми-зерттеулері мен жұмыстарын ұсынып, әлеуметтану саласындағы зерттеулерге жалпы және аймақтық мағынада үлес қоса алатын болады», – дейді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі, Думлупынар университетінің докторы Һакан Аридемир.
Һакан Аридемирдің айтуынша, Конгрестің мақсаты – ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен аймақ мәселелеріне қатысты жаңа тұжырымдарын, пікірлерін жинақтап, бұл мәселелерді шешу әдістерімен, тәсілдерімен бөлісу үшін жыл сайын өткізілетін бірыңғай орталыққа айналу болып табылады.
2016 жыл ЮНЕСКО тарапынан «Қожа Ахмет Ясауи жылы» ретінде жарияланған болатын. Осы тұрғыда конгрестің тағы бір мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірттері жүріп өткен жол бойынша конгресті Африка-Еуразия аймағындағы қалаларда ұйымдастыру. Ясауи ілімі мен хикметтерінің қанат жайып, тараған жері, рухани ілімнің бастау-бұлағы Қазақстан болғандықтан және ұлы ойшыл қазақ даласында жерленгендіктен, алғашқы конгресті Алматыда өткізу ұйғарылған. Һакан Аридемирдің мәліметіне қарағанда, Ясауидің шартарапқа ілім таратқан 100 мыңға тарта шәкірті болған. Сол себепті конгресс жыл сайын Африка-Еуразия аймағының әр түрлі қалаларында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Тап осындай шараның 2017 жылдың сәуір айында Испанияда өтетіні белгілі болды.
Сөз алған спикерлердің айтуынша, Африка-Еуразия Конгресі әлеуметтану саласының ғалымдарына, мемлекет билеушілеріне, шешім қабылдаушыларға, жеке сектор мен инвесторларға пайдалы болмақ. Халықаралық Африка-Еуразия зерттеулер конгресіне әлемнің түрлі аймақтарынан үлкен қызығушылық танытылуда.
Конгреске Түрік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұса Йылдыз, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес мүшесі, профессор, доктор Мұхидтин Шимшек, Биледжик Шейх Едебали университетінің ректоры профессор, доктор Ибраһим Таш, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек, Думлупынар университеті әлеуметтік ғылымдар институтының директоры доцент, доктор Ниязи Курназ және басқа да елдерден 150-ге жуық ғалым қатысып, саясат, экономика, әлеуметтану, тарих мәселелері бойынша түрік, ағылшын, француз, неміс, орыс тілдерінде пікір алмасып, өз жобаларын таныстырды.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 22:45
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27