Қазақстанға қыс ерте келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлім етті.
«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады деп күтілуде. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады», - дейді Г. Ақышева.
Оның сөзіне қарағанда, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі.
«Айтарлықтай суық температураны қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжап отырмыз. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ»,-деді ол.

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше