17 Қазан, 2016

Театрдың ақшасына той жасаған директордың ісінде жаңа деректер пайда болды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
img_6212 Қостанай облыстық қазақ драма театрының бұрынғы директоры Нұрлан Ерекешевке, бас бухгалтері  Гүлзада Бектұрсыноваға және кассир-бухгалтері  Меңсұлу Күлтаеваға қатысты сот барысында жаңа деректер ашыла түсті. Қылмысты жабу үшін үшеуі ақылдасып, көмекке мемлекеттік аудиттің  бас маманы Досжан Төлебаевты шақырады. Ол көмек беретін болып ақысына үшеуінен 4 миллион 400 мың теңге алады. Артынан қолынан келмегенін айтып, ақшаны қайта әкеп береді. Ол бас бухгалтер мен кассирге құжаттарды құрту үшін театрда өрт ұйымдастыруға кеңес береді. Бірақ әйелдер оған бармайды. Театр есебінен ақша алу үшін директор мен бас бухгалтер бас режиссер Ерсайын Төлеубайдан 5 пьеса «сатып алған» болып, онымен 5 миллион теңгеге келісім-шартқа  отырады. Осы ақшаны Күлтаеваның  «істі бітіріп беремін» деген танысы Виктор Больц деген кәсіпкер танысына береді. Больц өзінің Астанадағы Ұлттық Гвардияда қызмет істейтін Асқар Ақдаулетов деген танысы бар екенін айтып,  оның істі шешіп беретініне сендіреді.  Ақдаулетов істі тындыру үшін тағы да 16 миллион теңге сұратқанын айтады. Күлтаева 16 миллион теңгені табу үшін пәтерін, машинасын сатады, 4 миллион теңгені театрдың есебінен алады. Ақшаны Ақдәулетов келіп, Күлтаевадан алып кетеді. Ол ақшаның бір бөлігі өңірдегі бір ірі шенеунікке берілетінін айтқан. Бірақ Ақдәулетов те, 21 миллион теңге де  сол күйі жоқ болады.  Ол сотқа бірнеше рет шақырылса да келген жоқ. Нәзира Жәрімбетова, Қостанай  
Соңғы жаңалықтар