19 Қазан, 2016

Олимпиада арбитрлары аластатылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарына төрешілік етуге тартылған 36 рефериді түгелдей жұмыстан уақытша шеттетті. Бұған Ойындар кезінде төрешілерге бірнеше рет наразылық білдірілгені себеп болған. Ал наразылық Ойындардың қызып тұрған кезінде-ақ көтерілген. Осыған байланысты AIBA сол күндері ондағы 239 жекпе-жектің нәтижелерін қарап шығып, «бірқатар ұрыстардағы шешімдердің өз деңгейінде болмағанын» атап өтуге мәжбүр болды. Былғары қолғап шеберлерінің турнирінде, әсіресе, қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы айқастың қорытындысына күмән келтірушілік өте көп болды. Мұның арғы жағында ресейлік Владимир Никитин мен ирланд Майкл Конлон ұрысының соңы жанжалға ұласып кетті. Сондай-ақ, бірқатар өзбек боксшыларының жеңіске жеткендеріне шүбә келтіргендер де кездесті. «Егемен-ақпарат»