Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Женеваға сапарының алғашқы күнінде өзінің әріптесі, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуін өткізді.
Кездесу барысында министрлер Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастық мәселесін қарастырды. Екі елдің өзара ықпалдастығының бірқалыпты дамып отырғанына қанағаттанушылықтарын білдіре отырып, әңгімелесуші тараптар үстіміздегі жылғы маусым айында Астанада өтетін ШЫҰ Саммитінің күн тәртібін ойластыру және Қазақстан бастамасымен құрылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесінің шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.
Екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Белоруссияны біріктіретін Кеден одағының өзекті мәселелерін қарастырды.
Әңгіме барысында С. Лавров өткен жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді. 3 сәуірге жоспарланып отырған Президент сайлауын қозғай отырып, әріптестер, аталған сайлауды ашық және әділ түрде, атап айтқанда ЕҚЫҰ/БДИПЧ байқаушы өкілдеріне, ТМД Атқарушы хатшылығына және Еуразиялық экономикалық қауымдастық өкілдеріне тиісті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.