02 Наурыз, 2011

Қажетті жағдай жасалады

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы­ның Мем­­­лекеттік хатшысы – Сырт­қы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Рес­пуб­ликасының кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жөнін­дегі мис­сиясының басшысы Даан Эвертсті қабылдады, деп хабар­ла­ды ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сұхбаттас­тар 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында ДИАҚБ-мен тиімді ынтымақтастық байла­ныс­тарда болғанын атап көрсетті. Қазақстан сыртқы саясат ве­дом­ст­во­сының басшысы мейманды алдағы президенттік сайлауға да­йын­дық ба­ры­сымен таныстырып, Қазақстанда халықаралық стан­дарттарға сәйкес ашық, мөлдір және таза сайлау өт­кізу­ге үлкен маңыз берілетінін айтты. Қ.Саудабаев сұхбаттасына сай­лауға байқаушылар миссиясын жедел ұйымдастырғаны үшін риза­шы­­лығын жеткізіп, еліміздің Сыртқы істер министрлігі миссияның толық­қанды және тиімді жұмысы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін мәлімдеді.