02 Наурыз, 2011

Шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде ресейлік және беларусьтік  БАҚ өкілдері кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қолға алынып жатқан іс-шаралармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесінің жалпы даму үдерістерімен  кеңірек танысуға қазығушылық білдірді. Ортсайлауком төрағасы шетелдік БАҚ өкіл­дерін Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша ат­қарып отырған жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен және 20 ақпан күні аяқ­талған кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорыт­ын­ды­лары­мен таныстырды. Сондай-ақ Қуандық Тұр­ған­құлов олардың сайлаудың құқықтық негіздеріне, тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесінің қалып­тасу тарихына, Конституция мен «Сайлау туралы» Заңның елдегі ең жоғары лауазымнан үміткер­лер­ге қоятын талаптарына, кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өт­кізуге бөлінген бюджет қаражатының мөл­шеріне, саяси партия­лар­дың қызметіне, Ортсайлауком мен сайлау үдерісіне қатысушылардың бұқара­лық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестігіне, сайлау үде­рісінің айқындығын қамтамасыз етуге, барлық кан­дидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету тетіктеріне, сайлаудың қоры­тын­дыларын шығару үдерісіне, келіп түскен арыздар мен шағымдардың санына қатысты қойған сұрақ­тарына жауаптар қайтарды. Және журналистерді электоралдық науқанға халықара­лық байқаушы­лар­дың қатысуы, қазақстандық және халық­аралық байқаушылардың құқықтары туралы хабардар етті. Шетелдік журналистердің сауалдарына жауап бере келіп, Қ.Тұрғанқұлов сайлау науқанының бас­та­луы­на орай саяси партиялардың белсенді­лігі­нің арта түскенін атап өтті. Олардың барлығы дерлік белсенді насихат жұмысын жүргізіп, өздерінің өкіл­дерін Орталық және аумақтық сайлау комис­сия­ларының құрамына жолдауды, сондай-ақ сайлауды байқауға қатысуды көздеп отыр. Халықаралық ұйымдардың да сайлау­аралық кезеңге қарағанда белсенділігінің артып отырғаны байқалады. Олар сайлау науқаны ке­зеңінде әртүрлі оқыту бағдар­ламаларын іске асыруға және сайлаушылар үшін баспа өнімдерін таратуға ұмтылуда. Бұл «Қазақ­стан Республика­сындағы сайлау туралы» Консти­туция­лық заңға қайшы келеді. Ортсайлауком бас­шы­сы мұндай бағдарламаларды еліміздің сайлауды ұйым­дас­тыру­­шыларымен бірлесіп, тек сайлаулар аралы­ғындағы кезеңде іске асыруға болатынын баса айтты. Кездесуде Қ.Тұрғанқұлов журналистердің Сырт­қ­ы істер министрлігі жанында аккредиттелген журналистер ретінде сайлау науқаны барысын байқауға белсене қатысатынына сенімін білдірді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.