02 Наурыз, 2011

Қоғамдық бақылау іске кіріседі

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше елордадағы М.Горький атын­­дағы орыс драма театрында кезектен тыс президенттік сай­лаудың электоралды кезеңдегі қыз­метінің демократиялық жолмен жүргізілуін бақылау үшін қоғам өкілдерінің бастамашылығымен құ­рылған комиссияның қызметі­мен таныстырған баспасөз мәсли­х­аты болып өтті. Оның жұмысын қоғамдық ко­мис­сияның тең төрағаларының бірі, «Айт-РАRК» пікірсайыс клубының төр­аға­сы Нұрлан Ерімбетов ашып, жүргізіп отырды. Қоғамдық комиссия құра­мы­на елімізге танымал адамдар енгізілген екен. Атап айтқанда, тағы бір тең төраға Қазақ тағамтану акаде­мия­сы­ның директоры, Қазақстан ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов, мү­ше­лер қа­тарында қоғам қайрат­кері, мәде­ниет­танушы Мұрат Әуезов, қоғам қай­раткері, жазушы Смағұл Елубай, жазушы-драматург Дулат Исабеков, сарапшы-журналистердің қоғамдық-консультативтік клубының төрағасы, белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов, режиссер-сценарийші Игорь Вовнянко, «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қо­ры­ның вице-президенті Айдос Са­рым, «Украински новины» газетінің бас редакторы Тарас Чернега  және т.б. бар. Комиссия төрағасы Қазақстан аза­­маттарына арнаған өздерінің мәлім­де­месін оқып берді. Онда: «Біздің мақ­саты­мыз – Қазақстан Респуб­лика­сын­да азаматтық қоғамды әрі қарай да­мы­туға күштерді біріктіру, сайламалық үр­дістің әр деңгейінде қоғамдық ба­қы­лауды жүзеге асыру» делінген. Со­нымен бірге, сайлаудың халықаралық және ұлттық стандарттарға сай, әділ, ашық болмағы біздің демократиялық жолмен дами түсуіміздің кепілі бо­лып табылатыны атап көрсетілген. Сон­дықтан да біз президент болуға үміт­кер­лердің бәрінің де насихаттау ала­ңы­на, БАҚ-қа теңдей қол жеткізуіне бақылау жасап, мониторинг жүр­гі­зе­тін боламыз. Кандидаттардың жә­не олар­дың штабтарының сай­лауал­ды іс-шараларына ерекше назар ау­да­ратын боламыз, деді баспасөз мәс­ли­хатына қатысушылар. Комиссия мүшелері әкімшілік ресурстарды қолдану, көрсеткіштерді асыра көрсетуге тырысу, азаматтарды оқу және жұмыс уақыттарында үгіт-насихат шараларына жегу сияқты келеңсіз оқиғалардың үнемі болып тұратынына сын айтты. Біздің міндетіміз – жергілікті жердегі сайлау ко­мис­сияларының назарын осындай­лар­ға аударып, мұндай әрекеттерге жол бергізбеу, деді комиссия мүшелері. Өздерінің кіріспе сөздерінен кейін қоғамдық комиссияның мүшелері журналистердің көптеген сұрақтары­на жауап берді. Соның ішінде Орта­лық сайлау комиссиясына тіркел­діңіз­дер ме деген сұраққа, алдымен сіздердің алдарыңызда мәлімдеме жасап алып, сосын тіркелетін бола­мыз, деген жауап берілді. Жақсыбай САМРАТ.