02 Наурыз, 2011

Қазақстан азаматтарының назарына

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
(Республикалық сайлауға қатысу үшін Қазақ­стан Респуб­ликасының азаматтарының жеке басын куәландыратын құ­жат­тарының бірі болуы қажет (төлқұжат немесе жеке куәлік). Сонымен қатар, азаматтарға жеке куәлігі жоғалған, қолданысқа жарамсыз болған жағдайларда және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға олардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін әділет органдарымен  тұрғылықты жері бойынша (тіркеу) уақытша жеке куәлік берілетінін хабарлаймыз. Уақытша жеке куәлік Қазақстан Рес­пуб­­ликасының ау­ма­ғында жарамды және сай­лауға қатысу үшін қол­дануға болады. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген себептерге бай­ланысты сайлауға дейін, жеке басты куәландыратын құ­жат­тар болмаған және олар дайындалмаған жағдайда, сіз әділет басқар­масының  тұрғылықты жеріңіз бойынша (тіркеу) аумақтық халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдеріне жүгініп, уақытша жеке куәлік алу үшін келесі құжаттарыңызды ұсынуға құқылысыз: – аумақтық әділет басқармасы басшы­сы­ның атына өтініш; – тұрақты тіркеуді растайтын азамат­тар­ды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюро­сының анықтамасы; – жеке басты куәландыратын құжат үшін ай­лық есептік көрсеткіштің 20% көлемінде мем­лекеттік баж төлемі төленгені туралы түбіртек; 3,5 х4,5 см көлеміндегі 1 фотосурет, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. Тел./факс: 74-06-01, веб-сайт: http://www.minjust.kz, электрон­дық мекен-жайы:  [email protected]