02 Наурыз, 2011

Сайлау миссиясы ашылды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ЕҚЫҰ-ның Демократия инсти­тут­тары және адам құқықтары жөніндегі бюро­сы 2011 жылғы 3 сәуірге жоспар­ланған кезектен тыс Қазақстан Респуб­ликасы президенттік сайлауының бақы­лау миссиясын ашық деп жариялады. Орталық сайлау комиссиясында өткен аталмыш миссияны Даан Эвертстың бас­қаруымен Сыртқы істер министрлігі арнайы шақырған болатын. Ол Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істейтін 15 сарапшыдан құралып, сайлау күніне бір ай қалғанда елдің түпкір-түпкіріне баратын 28 байқаушылардан құралған. Демократия институттары және адам құқықтары (ДИАҚ) жөніндегі бюро сайлауға біраз күн қалғанда, ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттерінің атынан 400 қысқа мерзімді байқаушылардың жіберулерін сұрап отыр. Олар сайлау учаскесінің ашылуын, сайлау барысын, дауыс санауын және ел бойынша жалпы нәтижелерін бақылауды өз міндеттеріне алады. Миссия сайлаудың өткізілуін ЕҚЫҰ прин­циптеріне және халықаралық-демокра­тия­лық сайлаудың үлгісіне, сонымен қатар мемлекеттің заңнамасына сәйкестігін баға­ла­мақ. Дөңгелек үстел барысында сайлау мис­сиясы саяси үгіт-насихаттың қалай орын алып жатқандығын, сай­лау заңнамасын және оның заңда қол­да­нылуын, бұқаралық ақ­парат құралдарының жағ­дайын, сайлау ко­миссияларының және басқа да маңызды мем­лекеттік құрылымдардың жұ­мысын зерт­тей­тіндігі айтылды. Бұл жөнінде Ор­талық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов мәлім етті. Жұлдыз БАЙДІЛДА.