02 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

407 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Заңы 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы 1971 жылғы 1 мамырда Женевада жасалған 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 28-і. №409-ІV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімге Жол таңбалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы 1973 жылғы 1 наурызда Женевада жасалған 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімге Жол таңбалары туралы хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 28-і. №410-ІV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласында ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы 2005 жылғы 10 тамызда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласында ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 28-і. №411-ІV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Рес­публикасының Заңына (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Праламентінің Жаршысы, 2010 ж,. №23, 134-құжат) мынадай өз­герістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 1) тармақшада: «3 939 975 720» деген цифрлар «4 147 918 285» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; «2 543 733 998» деген цифрлар «2 752 201 417» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; «78 639 307» деген цифрлар «81 749 823» деген цифрлармен ауыстырылсын; «14 523 664» деген цифрлар «10 844 939» деген цифрлармен ауыстырылсын; «1 303 078 751» деген цифрлар «1 303 122 106» деген цифрлармен ауыс­ты­рыл­сын; 2) тармақшадағы «4 322 673 002» деген цифрлар «4 489 409 432» деген цифр­лармен ауыстырылсын; 3) тармақшада: «25 644 456» деген цифрлар «72 770 293» деген цифрлармен ауыстырылсын; «126 649 337» деген цифрлар «173 775 174» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; 4) тармақшада: «194 115 982» деген цифрлар «281 549 111» деген цифрлармен ауысты­рыл­сын; «194 475 982» деген цифрлар «281 909 111» деген цифрлармен ауыстырыл­сын; 5) тармақшада: «-602 457 720» деген цифрлар «-695 810 551» деген цифрлармен ауыстырыл­сын; «2,8» деген цифрлар «3,0» деген цифр­лармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «602 457 720» деген цифрлар «695 810 551» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) 11-бапта: мынадай мазмұндағы екінші, үшін­ші, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын: «халықаралық маңызы бар іс-шара­ларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге; «Мак» операциясын жүргізуге;»; «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүр­гізуге; арнаулы әлеуметтік қызметтерді көр­сетуге;»; он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жа­ңар­ту мен қайта жабдықтауға; Педагог кадрлардың біліктілігін арт­тыру үшін оқу жабдығын сатып алуға;»; он сегізінші абзац алып тасталсын; 3) мынадай мазмұндағы 13-1 баппен толықтырылсын: «13-1-бап. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»; 4) 17-баптағы «2 908 664» деген цифр­лар «3 058 664» деген цифрлармен ауыстырылсын; 5) көрсетілген Заңға 1, 4-қосымшалар осы Заңға 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакциядан жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаң­тардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 28-і. №412-ІV ҚРЗ