02 Наурыз, 2011

Экология – ел амандығы

779 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ақтаудағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда басты тақырыптың бірі болды Ақтауда Қазақстан Тәуелсіз­дігі­нің 20 жылдығы аясында «Қазақ­стан­ның мұнай-газ кешенінің қазіргі таңдағы проблемалары» атты ха­лық­аралық ғы­­лыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Әзір­бай­жан мен Финляндия елдерінің белгілі ға­лым­дары, еліміздегі іргелі мұнай-газ өн­діруші ком­паниялардың басшы­ла­ры қатысты. Облыс әкімі Қырым­бек Кө­шербаев өз сөзінде аталмыш бас­қосу­дың Маңғыстауда өткізілуінің  өзін­дік себебі бар екенін айтты. Өйт­кені об­лыста республика бойынша өн­­дірі­ле­тін мұнайдың 14 пайызы, та­биғи газ­дың 11 пайызы алынады. Сон­дай-ақ бұл күндері қарқынды игеріле баста­ған теңіздегі мұнай-газ кеніштеріне аса қажетті шикізаттардың мол қоры бар. Мысалы, ұлутастың 90,5 пайызы осы аймақта болса, то­пырақтың сирек кездесетін түр­лері­нің өзі 83 пайызды құрайды екен. Маңғыстау қазірде кө­мір­сутегі ши­кі­затын барлауды, өн­ді­ру­­ді, тасы­мал­дауды экологиялық зерт­теу­лерді жү­зе­ге асыруда да түрлі елдер ара­сында геология ғылымының өзара байла­нысы мен ықпалдастығын үй­лес­­тіру­де де тәжірибе алаңына айна­лып келе жатыр. Конференцияда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас директоры Е.Марабаев Каспий теңізінің қазақстандық сек­торының мұнай-газ кен орындарын игеру барысындағы проблемалар туралы, мәскеулік ғалым, И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай-газ уни­верситетінің профессоры В.Григулецкий Мексика шығанағындағы болған оқиғаны технологиялық тал­дау­дың қо­рытындылары және Каспий теңі­зін­де жұмыс істейтін ком­па­ниялар­дың осы оқиғадан тиісті қо­ры­тын­ды­сы, алатын сабақтары жай­лы әңгіме­лесе, Баку мен Уфадан келген ғалым-мамандар өнім өндіру кезінде түрлі оқиғаларды болжау жайлы ой-пікір­лерін ортаға салды. Қазақстандық ға­лымдардың сөз­дерін­де ілеспе газды шығаруды за­лал­сыздандыру, сондай-ақ Маңғыс­тау­дағы мұнай-газ кен орын­дарын­дағы көлбеу бұрғылаудың әдіс-тәсілдері жайлы сөз болды. Жалпы,  осы басқосуда теңіз бай­лы­ғын игерудегі проблемалармен қа­тар көмірсутегін өнеркәсіптік өн­діру­ге дайындық кезінде жағалық инфра­құ­рылымдарды қалыптас­тыру­дың да ор­ны ерекше екендігі және  ол жұ­мыс­тар­да қоршаған ортаны қорғау, эколо­гия­н­ы сақтауды қамтамасыз ету басты назарда болу қажеттігі кеңінен сөз болды. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.