04 Наурыз, 2011

Облыс әкімі дәріс оқыды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жыл сайын студенттер алдында дәріс оқуды дәстүрге айнал­ды­рып келеді. Өткен жылы ол жастар алдында «Дү­ние­жүзілік қаржы дағдарысын еңсеру» жөнін­де ке­ңі­нен әңгімелеген-ді. Кеше Ш.Есенов атын­дағы Кас­пий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Ақпараттық дәуірдегі билік, эко­номика және қоғам» деген тақырыпта дәріс оқы­ды. Онда бұл күндері әлемнің, еліміздің Интернетпен қамтылуы оның байланыс құралы ғана емес, білім мен ғылымның жаңа белесі екендігі жайлы кеңінен әңгімеленді. Тәуелсіздіктің толым­ды та­быс­тары да бұл реттегі әңгімеге арқау болды. Атал­ған университеттің дағдарыс жылдары жа­ңадан бой кө­теріп, заманауи құрал-жабдық­тар­мен қамтылуы елі­­міздегі жетістіктердің көрінісі екені­ тілге тиек етілді. Студенттер жиынында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, президенттікке кандидат Н.На­зар­баевтың облыстағы сенім білдірілген адамы Алик Айдарбаев жиналғандарды, облыс жастарын жаңа сайт­тың ашылуымен құттықтады. Сөй­тіп, Тәуел­сіз­ді­гі­міздің – 20, Маңғыстау мұнайының 50 жылдығын, бас­қа да игілікті іс-шараларды кеңінен насихаттайтын жаңа сайт салтанатты түрде ғаламторға қосылды. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.