04 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-жел­тоқ­санында Қазақстан Республи­касының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистр­лігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын. 2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орын­дарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жыл­дың сәуір-маусымында және қазан-желтоқ­са­нын­да Қазақстан Республикасының Қарулы Күш­теріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Рес­публикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын. 3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы республикалық Ұла­ны мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Рес­публикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер­л­еріне, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік ко­митетіне, Қазақстан Респуб­ликасы респуб­ли­калық Ұланына, Қазақстан Республи­касының Тө­тен­ше жағдайлар министрлігіне әскерге шақырыл­ған Қазақ­стан Республикасының азаматтарын жө­нел­туді және белгілен­ген мерзімді әскери қызмет мерзімдерін өткерген әскери қызмет­шілерді боса­ту­ды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. 5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті    Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 3-і.   №1163