Жыл сайын қазан айында бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күніне байланысты Алматыда үлкен жиын өтті. Айта кетерлігі, бұл шара биылғы жылы БҰҰ негізінің қаланғанына 71 жыл толу уақытына сәйкес ұйымдастырылды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы әлемді алаңдатқан табиғи апаттардың алдын алу және оған қарсы әлем елдерін біріктіру мақсатында қазан айының екінші сәрсенбісін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгілеп, бұл күнді жыл сайын атап өтуге қаулы еткен болатын.
«Live To Tell» («Айту үшін өмір сүру») тұжырымдамасын басты тақырып еткен биылғы жиынның негізгі мақсаты өмір талаптарынан туындайтын апаттарды тоқтатуға бағытталған әлемдік шараларды кеңінен насихаттау болып табылады. «Жыл сайын түрлі табиғи апаттар салдарынан әлем бойынша мыңдаған адам көз жұмып, миллиондаған жан зардап шегіп, көптеген елдердің экономикалары үлкен шығындарға батып жатады, табиғи апаттардың 90 пайызы ғаламдық климат өзгерісінен туындап отырады» деп пікір білдірген жиынға қатысушылар, сондай-ақ, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарын айрықша назарға ала отырып, озық тәжірибелермен бөлісу жұмыстары, ағымдағы бастамалар мен табиғи апат қауіптерін еңсеруде адам шығынын барынша азайтудың мүмкіндіктерін талқылады.
Табиғи апаттар қаупін азайту мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін бұл жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымының Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі бюросы (ТААБ БҰҰ – UNISDR) мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері, ТЖ ТААО директоры қатысты. Жиын соңында адамзатты табиғи апат зардаптарын жеңілдетуге және оған дайын болуға шақыратын фильм көрсетілді.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Алматыда Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Қоғам • Бүгін, 13:16
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 13:01
Қымбатшылық қысып тұр: мегаполистерде күнкөріс қиындады
Экономика • Бүгін, 12:58
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Әлем • Бүгін, 12:47
«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:12
Ерлан Ғалиев: Геоғылым мектебін дербес құрылым ретінде сақтау керек
Ғылым • Бүгін, 11:54
Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады
Бизнес • Бүгін, 11:48
Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді
Әлем • Бүгін, 11:32
Газ бағасы 2026 жылға дейін өзгермейтін болды
Энергетика • Бүгін, 11:28
Алматы мерекелік кейіпке енді: қалада 13 жаңа локация пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:18
Ұлттық ұлан сапында егіз сарбаздар қызмет етеді
Әскер • Бүгін, 11:02
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қоғам • Бүгін, 10:57